Сот шешімін орындамаған азамат бас бостандығынан айырылды Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Сот шешімін орындамаған азамат бас бостандығынан айырылды Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет соттың шешімін орындамаған азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 362 бабы, 1-ші бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарма ауданы, Үш биік ауылының тұрғыны Тұрсағұл Шеризат есімді азамат өзінің ауылдасы Лязат Исаевадан 275 мың теңге көлемінде ақша алып, қарызды бір айдың ішінде қайтарып беремін деп қолхат жазып берген. Алайда ол ақшаны 2 жыл уақытқа дейін қайтармай созып жүріп алған. Ақыры азаматша Лязат Исаева Жарма аудандық №1 сотына шағымданады. Азаматтық іс қаралып сот Тұрсағұл Шеризатқа қарызды 2013-ші жылдың бірінші шілдесіне дейін толық өтеуін міндеттейді. Дегенмен борышкер ақшаны иесіне қайтармайды. Осыдан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің Жарма аудандық аумақтық бөлімшесі атқару өндірісін қозғады. Сот орындаушы Тұрсағұл Шеризаттан бірнеше рет түсініктеме алып, сот ұйғарымын орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайында ескерту жасаған. Бірақ борышкер өзінің жұмыс істеп жүргеніне қарамастан қарызды қайтармады. 2013-ші жылдың желтоқсан айында соттың ұйғарымын орындамаған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. 2014-ші жылдың сәуір айында бұл іс қайтадан қаралып, Тұрсағұл Шеризат сот шешімін орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 362 бабы, 1-ші бөлігі бойынша шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында мамандандырылған органның рұқсатынсыз тұрақты жұмысын өзгертеу және тұрғылықты жерінен кетпеу міндеттері жүктелді. Сонымен бірге ол соттың ұйғарымы бойынша Лязат Исаеваның қарызын толық өтеуі тиіс.

Бұл істе Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің Жарма аудандық аумақтық бөлімшесі сот орындаушыларының үлесін ерекше атап өткен жөн. Өйткені сот шешімін орындамағаны үшін азаматты 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру бұл салада өте сирек кездесетін жағдай.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар