Каратэнің киокушин түрінен чемпион атанды өскемендік спортшы

(Дауыстар: 1)
Каратэнің киокушин түрінен чемпион атанды өскемендік спортшы

Барселонада (Испания) каратэнің киокушин түрінен өткен Еуропа чемпионатында еліміздің намысын жалғыз өзі қорғаған өскемендік Дәулетхан Олжас чемпион атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәріқұрлық біріншілігіне барлығы 25 мемлекеттен іріктеліп келген кіл мықтылар қатысты. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз бұл жарыстың жеңімпазы атану үшін төрт жекпе-жек өткізу керек болатын. Алайда оның алғашқы қарсыласы сайысқа шықпаса, екіншісі алған жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмай қалды. Сөйтіп, Дәулетхан чемпионаттағы бірінші жекпе-жегін жартылай финалда румын спортшысымен өткізді. Румыния елінің өкілі біздің жігітке аса қиындық туғыза алмады. Өскемендік каратэші оны иоппон әдісімен ұтып, таза жеңіске жетті.

Ақтық сайыста болашақ чемпионның жолы жартылай финалда осы жарыстың алтын медалінен басты үміткер саналған испандық спортшыны сан соқтырған голландиялық Келвин Тиестрамен түйісті. Маңызды жекпе-жекте бірінші нөмірмен өткізуге бекінген Дәулетхан ірі денелі қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермеді.

Жекпе-жектің ортасына қарай қарсыластың осал тұсын анық байқаған біздің спортшы қос аяғымен де соққының артынан соққы жаудырғаны сол еді Келвиннің қорғануға мұршасы келмей ақыры жеңіліп тынды. Төрешілер бірауыздан чемпиондық атақты қазақ спортшысына берді.
2008 жылы ел чемпионатында олжа салған және «Алтын белгі» атағын жеңіп алған Дәулетхан Олжас алдағы 2017 жылы Астанада өтетін Әлем чемпионатына қатысудан үмітті. Сол арманын орындау үшін ол қазірден бастап тиянақты дайындалмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар