«Абай, Шәкерім, Мұхтар әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды Шәкерім университетінде

(Дауыстар: 1)
 «Абай, Шәкерім, Мұхтар әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды Шәкерім университетінде

18 мамыр – Халықаралық мұражай күні. Осы мерекеге орай Шәкерім университетінде Семейдегі Абай мұражайының «Абай, Шәкерім, Мұхтар әлемі» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған көрмені тамашалауға қаланың зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер, мұражай қызметкерлері жиналды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Университет оқытушысы Шынар Жайлаубаева бұл көрменің студенттер үшін өте маңызды екенін айтады. Себебі, игі шара жастарға туған өлке туралы, Абай, Шәкерім, Мұхтардай нар тұлғалар дүние есігін ашқын киелі мекен жайлы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндай шаралардың өз халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін, тарихын танып-білуге ықпалы айрықша.

Көрменің салтанатты ашылуында Абай мұражайы директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева Абай мұражайы мен университеттегі «Шәкерімтану» ғылыми-зерттеу орталығы өзара тығыз әріптестік байланыста екенін айтып өтті. Ұйымдастырылған жылжымалы көрме соның айқын дәлелі болса керек.

Шәкерім университеті іргесінде өткен көрмеге Абай мұражайының құнды жәдігерлері қойылып, қалың көпшілік назарына ұсынылды.

-​ 1978 жылдың 18-ші мамырында бекітілген Халықаралық мұражай күні 150-ге жуық елде тойланып келеді. 70 жылдық тарихы бар Абай мұражайының көрмесін дәстүрлі түрде университет қабырғасында өткізуді қолға алып отырмыз. Жылжымалы көрмеге қойылған жәдігерлер аса құнды. Бұл тек Абайдың жеке тұтынған заттары ғана емес, Абай дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер. Жалпы, бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Абай, Мұхтар, Шәкерім әлемін жастарға дәріптеу, - дейді «Шәкерімтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ақмарал Смағұлова.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар