«Аралдар резиденциясы» мәдени-демалыс орталығы салынып жатыр Өскеменде

(Дауыстар: 1)
«Аралдар резиденциясы» мәдени-демалыс орталығы салынып жатыр Өскеменде

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемен қаласындағы Ертістің сол жағалауында бой көтеріп жатқан «Аралдар резиденциясы» мәдени-демалыс орталығында, сонымен қатар, «Шашуро» ЖК мен «КазРосПромАрматура» ЖШС-інде болып, ондағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы Өскеменнің күн шығыс іргесіндегі тауға көтеріліп, мұндағы Мемлекеттік Ту мен «Қазақстан» жазуының қазіргі ахуалын көріп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Аралдар резиденциясы» мәдени-демалыс орталығы салынып жатыр Өскеменде

Аймақ басшысы алдымен шаһардың Сол жағалау ықшамауданында орналасқан «Аралдар резиденциясы» мәдени-демалыс орталығында болды. Бұрындары қайық стансасының ескі ғимараттары ғана тұрған жерде қазір қызу жұмыс жүргізілуде. Орман арасындағы алаңқайда алып ақ шатыр мен шайхана, асхана сияқты бірнеше ғимарат бой көтерген. Жақын арада мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, мерекелік басқосулар мен той-томалақтар өткізуге болады.

– Жұмысты күз айынан бері жүргізіп келеміз. Осы уақыт ішінде 700 адамға арналған шатыр тігіп, бұрынғы қайық стансасының ғимараттарын жөнге келтірдік. Шатыр шетелден арнайы жеткізілген, ыстық-суыққа төзімді, өте мықты материалдан жасалғанын атап өткім келеді. Қазір бізге берілген бір гектар жердің аумағын абаттандырып, келген қонақтардың демалысын мәнді ететін жаңа жобалар әзірлеудеміз. Құрылыс басында 40-қа жуық жұмысшымыз еңбек етуде, – дейді «Пять звезд» ЖШС-нің басшысы Мұхтар Тойбазаров.

«Аралдар резиденциясы» мәдени-демалыс орталығы салынып жатыр Өскеменде

Мәдени-демалыс орталығы иесінің жаңа жобалар дегені, іргесіндегі су қоймасында қайық-катамарандармен серуен ұйымдастырып, жастардың неке қию рәсімдерін өткізетін су үстіндегі алаңқайлар салу, ал қыс айларында мұз қалашығын тұрғызып, ат-шанамен экскурсиялар өткізу екен. Сонымен қатар, орталық төрінде ақшаңқан киіз үй мен алтыбақан орын тебетіні де белгілі болды.

– Облыс орталығында дәл осындай орталықтар жоқтың қасы. Сондықтан мұнда келушілердің, мерейтойлары мен үйлену тойларын ашық аспан астынды өткізуге ниет білдірушілердің қарасы көп боларына сенімім мол. Сол сияқты болашақта бұл жерде ірі халықаралық іс-шаралар мен классикалық музыка кештерін де өткізуге болады. Осы орайда, бұл жерді абаттандыру және көркей-ту кезінде ұлттық нақыштағы дүниелерді пайдалануға көп көңіл бөлгендеріңіз жөн. Шетелдік қонақтарды қызықтыратыны да сол. Келушілерге қымыз, шұбат сияқты ұлттық өнімдерімізді ұсынсақ, одан тек ұтарымыз хақ, – деген аймақ басшысы нысанды межелеген уақытынан кешіктірмей, келесі айда пайдалануға беру керектігін тапсырды.

Нұржан Кенжеұлы,
суреттер Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар