875 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер бар Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
875 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер бар Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда 875 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер анықталған. Оның 86 мың гектары – егістік, 168 мыңы – тыңайған жерлер, 17 мыңы – шабындық, 84 мыңы – жайылым. Бұл жайында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков облыс әкімдігінің мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқарма басшысының мәліметі бойынша инвентаризациялау 6,5 миллион гектар аумақта жүргізілген. Тексеру Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар, Шемонайха аудандары мен Семей қаласында өтіпті.

Басқарма мамандары жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару үшін барлық шараларды қолдануда. 2009 жылмен салыстырғанда бос жатқан егістік жерлердің аумағы 40 пайызға қысқарған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атқарушы органдардың телімдерді мемлекет меншігіне қайтару және пайдалану жұмыстарын сын тезіне алды.

– Статистика бойынша қайтарылған егіс-тік жерлердің 30 пайызы ғана қолданылуда. Неге? Біз тұрғындармен жүздескен кезде, олар: «Малымызды бағатын жер жоқ» дейді. Инвентаризация пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып, жұмыс іс-теуге ниетті азаматтарға беру үшін жүргізілді емес пе? Заңға сәйкес шаруа қожалығының жетекшісі бос жатқан жерлерін қайтаруы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Қонысбай Төлеубековтің айтуынша, барлық пайдаланылмай жатқан жерлердің басым бөлігі – жайылымдар. Ал көптеген елді мекендердің айналасындағы жерлер меншікте. Жырақтағы жайылымдар аз қолданылады. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов отарлы мал шаруашылығының бұрынғы жүйесіне көшсе, яғни, табын жинап, оны жаз бойы жайлауда бақса, мәселе шешілетінін айтады. Облыс басшысы бұл ойды қуаттап, ұсынысты қарастыруды міндеттеді.

– Жер бос жатпауы тиіс, тым болмағанда жайылым үшін қолданылуы қажет. Бұл – аудандарға қатысты. Ал қалалардағы жер телімдерін алып-сату ісін доғару керек. Бір учаскенің бірнеше мәрте сатылуын бақылау-ға алған жөн, – деді облыс әкімі.

Ержан Әбішұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар