Өскемендік өнертапқыш әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалық ашты

(Дауыстар: 1)
Өскемендік өнертапқыш әлемдік деңгейдегі  ғылыми жаңалық аштыӨскемендік өнертапқыш Валерий Рак судың жылу энергиясын өнеркәсіпке жарату жобасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сарқылмайтын қуат көзі ретінде күн мен жел энергиясын өндіру тиімді болғанымен, оларды ауыр өнеркәсіпке қолданудың жолдары әлі табыла қойған жоқ. Мәселен, ондай мөлшерде күн қуатын өндіру үшін алмағайып алқапқа күн батареяларын орнату қажет болады. Жел энергиясының жиілігі күннен артық болғанымен, үлкен өндіріске ол да жеткіліксіз.

Ал судың қозғалыс энергиясының шоғыры жел энергиясының шоғыры-нан үш есеге қуатты. Бұл шамамен бір шаршы метр жерге бір мегавольт энергия келеді деген сөз. Мұндай мөлшер су энергиясын өнеркәсіпке пайдала-нуға жеткілікті. Бұл жерде бір ғана кедергі бар. Өнеркәсіп орны су қоймасының маңайына орналасуы керек немесе жасанды су қоймаларын жасап, толтыру қажет.

Су энергиясына негізделген жылу генераторының жұмысы кавитацияға негізделген. Аталмыш процесс – сұ-йықтықтың өзінен төмен қысымның әерінен көпіршіктенуі кезінде болатын құбылыстар жиынтығы. Жылу сорғыш генераторда алдымен су төмен қысымды құбырдан жоғары жылдамдықпен айдалады. Одан кейін жоғары қысымда төмен жылдамдық-пен өтеді. Осы кезде көпіршіктер өздігінен қызып, жылу пайда болады. Осы жылудан өндірілген энергияның қуаты өнеркәсіпке қолдануға әбден жеткілікті.

Жылу сорғыш генераторлар бұрыннан қолданыста бар болғанымен, олар шығарған жылудың 30 пайызы тұтынушыға жетпей рәсуа болатын. Ал су энергиясына негізделген генераторларда жылу тұтынушыға толық жетеді. Жоба авторы жүргізген бірнеше зерттеулер нәтижесінде мұндай жылу сорғыштарға болат немесе басқа да металдарды қолдану тиімсіз екенін көрсетті. Бірнеше жылу реакцияларының, әртүрлі қысымның әсерінен олар эррозияға ұшырап бүлінетіні белгілі болды. Сондықтан да жылу тасымалдайтын сұйықтық бірнеше реакцияға түскен кезде соған төтеп бере алатын бүлінбейтін, электр- магнитті қасиетке ие емес полимер өнімдер қолдану керек.

Ал «Шығыс Қазақстанда желілік және автономды күн электр стансаларының тәжірибелік өндірісі» атты Валерий Ильиннің жобасы қолданыстағы желілік және автономды күн электр стансаларын жинақтауды көздейді. Жобаның құрылымы қарапайым. Арнайы тірекке күннен қуат жинайтын панель орнатылады. Ол желіге қосылады. Күннің жарық мезгілінде тұрақты токтан электр энергиясы өндіріледі.

Орталықтандырылған желінің күн қуатына жалғанған жеріне энергияны өңдейтін инвертор мен есептегіш құрал да орнығады. Есептегіш құрал желіден тараған қуаттың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал автономды стансада күн панелі аккумуляторға жалғанады. Мұндағы инвентор тұрақты токты қолдану мақсатына қарай 220 немесе 380 вольттық қуат көзіне айналдырады. Күн қуатын пайдалануды қолға ала бастаған Шығыс Қазақстан үшін бұл жобаның маңызы зор. Ғылыми жаңалығы әлемдік деңгейде деуге болады.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар