Шемонайхада облыстағы ең ірі ұн тарту және құрама жем комбинаты іске қосылды

(Дауыстар: 1)
Шемонайхада облыстағы ең ірі  ұн тарту және құрама жем комбинаты іске қосылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан орталығындағы Шемонайха ұн тарту және құрама жем комбинатының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл – өңірдегі ең ірі ұн тарту комбинаттардың бірі. Тәулігіне 600 тонна астық өңдей алатын жаңа кәсіпорын 30 жұмыс орнын құрып отыр. Комбинаттың алдағы жоспары – шетел нарығына шығу, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның бас директоры Фарманали Мамедовтың сөзіне қарағанда, олар өнімнің 15 түрін шығаратын болады, яғни, мұнда тауықтарға, балапандарға, ірі қара мен шошқаларға жем-азық өндіріледі.

– Шығыс Қазақстан өткен жылы 400 тонна етті экспортқа шығарды, осы көрсеткішті еселеген жөн. Біз шетелдерге сатылатын еттің үлесін көбейтуге тиіспіз. Ол үшін мықты жемшөп базасы қажет. Бұл комбинат әсіре-се, өңірдің құс, шошқа шаруашылығын дамытуға септігін тигізбек, – деді өндіріс орнының жұмысымен танысқан аймақ басшысы.

Аймақта өзге облыстардан және шетелдерден жем сатып алуға мәжбүр шаруашылықтар жетерлік. Сондықтан аталмыш жоба көптеген агроөндірістік кешендер үшін өте тиімді. Жақында комбинат толық қуатында жұмыс істей бастайды, сонда өнімділік деңгейі сағатына 25 тоннаға дейін артады. Бұл тек өңірімізді ғана емес, сонымен бірге көршілес елдерді мал азығымен қамтамасыз етуге жол ашпақ.

Облыс басшысының айтуынша, өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындар аса қажет. Себебі, жергілікті жем басқа жақтан сатып алынатын азықтан 30 пайызға арзанға түсе-ді. Ал қазіргі кезде мемлекеттік қолдаудың арқасында әрбір шаруа өз өндіріс орнын аша алады.

Ержан Әбішұлы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар