Оқушы жазын тиімді де қызықты өткізу жолдары талқыланды

(Дауыстар: 1)
Оқушы жазын тиімді де қызықты өткізу жолдары талқыланды

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қалалар мен аудандар әкімдеріне балалардың жазғы лагерьлерін тексеруді, оқушыларды демалыс орындарына мейлінше көбірек тартуға мән беруді тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, халықаралық балалар туризмін дамытуды естен шығармаған абзал. Біздің өңірге басқа елдерден балалар келіп, демалуына жағдай жасау қажет.

– Біздегі «Матросово» лагері шығысқазақстандық «Артекке» айналуы тиіс. Әрбір бала сонда демалуды жыл көлемінде армандап, сол үшін сабағын үздік оқуы керек. Бұл мәселеге келгенде басқарманың жұмысы жеткілікті деуге келмейді. Мұнда балалар Ресейден, Моңғолиядан, Қытайдан келіп демалуы қажет. Оқушыларды қашанғы жыл бойы оқыған мектебінің жанында демалтамыз, олар да басқа жерге барғысы, табиғатқа шыққысы келеді. Қаншама тамаша жерлер бар. Сол жерлерге неге шатырлы
лагерьлер ұйымдастырмасқа? Жазғы демалысты мәнді өткізудің жолдары көп қой, – деді облыс әкімі кеңейтілген аппараттық кеңесте.

Өкінішке қарай, өткен жылы балалардың жазғы демалысы кейбір аудандарда нашар ұйымдастырылды. Аягөз, Шемонайха, Бесқарағай, Бородулиха аудандарында әлі күнге дейін балалар лагері салынбаған. Ал облыстың 12 ауданында осы мәселеге бағытталған қаржы мөлшері ұлғайтылған.

– Екі жаңа жобаны қолға алып отырмыз. Бірі – оқушылардың алмасуы, екіншісі – туризм және экология орталығын құру. Алмасу бойынша экскурсиялық бағдарламалар әзірленді. Өзге аудандардан келген оқу-шыларды Өскемен, Семей, Курчатов қалалары мен Катонқарағай ауданы қарсы алатын болады. Бес күннен алты рет келу жос-парлануда. Қазір олардың құны есептеліп жатыр. Туризм және экология орталығын құру үшін 80 педагогтың басы қосылған семинар өткізілген, олар бұл шаруаға әзір. Аталмыш жобаларды енгізе отырып, жазғы демалыспен оқушылардың 77 пайызын қамтитын боламыз, – деді облыстық білім басқармасының басшысы А.Нұрғазиев.

Оқушылар демалысын ұйымдастырудағы тағы бір атап өтерлік жайт, ол өңіраралық интеграция шеңберінде төрт облыстың арасында балалар демалысын ұйымдастыру. Жоғарыда аталған «Матросовоға» Алматы және Павлодар облыстарының оқушылары келеді деп күтілуде. Өскеменнің бір күндік лагерь ұйымдастыру тәжірибесін аудандар да қолданысқа енгізе бастаған.

Сондай-ақ, жазғы маусымда табиғаты тамаша Риддер қаласына пойыз маршрутын ұйымдастыру ойда бар. Кеншілер қаласының педагогтары оқушылардың келуіне арнап арнайы бағдарлама жасап қойған. Аудандардың басым көпшілігі қазірден-ақ оқушыларын осында демалтуға ниетті көрінеді.

– «Үміт» балалар лагерінің жөндеу жұмыстары мәселесін тездетіп шешу керек. Қағаз жүзінде көрсетілген 98 пайыздық қамтылу сенім тудырмайды. Қанша бала қайда баратынына, қалай демалып, сауығатынына жүйелі түрде күнделікті талдау қажет. Моңғолиямен, Қытаймен, Ресеймен әріптестікті дамыту қажет. Егер басқарма-ның шамасы жетпесе, салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары арқылы мәселелерді шешуге тырысу керек, – деді аймақ басшысы.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар