Сала басшысы журналистермен кездесті

(Дауыстар: 1)
Сала басшысы журналистермен кездесті

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ҚР Мемлекеттік санитралық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі болып қайта құрылған болатын. Осыған орай ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғазез Сүлейменов жергілікті бұқаралық құрал өкілдерімен бейресми жағдайда кездесіп, өзі басшылық етіп отырған мекеменің жаңа міндеттері мен қызметі жайында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ғазез Сүлейменов тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу туралы, тағам өнімдерінің қауіпсіздік мәселелері жөнінде әңгімеледі. Сала басшысы болашақта шағын және орта бизнес өкілдерімен өзара түсіністікпен жұмыс істейтіндерін атап өтті. Мысалы, тұтынушылардан шағым түскен жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады. Сонымен қатар кез-келген жеке нысан санитарлық аудиттің тексеруінен кейін қызметтің осы түрімен айналысуға рұхсат беретін арнайы сертификат ала алады. Сертификат кәсіпорынның төлқұжаты ретінде көрнекті жерге ілінеді. Мұндай төлқұжаттар тұтынушыларға кімнен қандай тауар алып жатқанын білуге мүмкіндік бермек. Қызмет көрсету сапасына көңілі толмаған тұрғындар төлқұжатта көрсетілген телефондар арқылы өз шағымдарын, ұсыныс-тілектерін қалдыра алады. Жұмысты осылайша ұйымдастыру тұтынушы мен сатушының арасында өзара түсіністіктің орнауына септігін тигізбек.

Ғазез Қинаятұлы департамент қызметкерлері алдағы уақытта тұтынушылардың құқын қорғау мақсатында сапа бақылауын өткізе алатындарын да ескертті. Осы мақсатқа арнайы қаражат бөлінген. Кездесу соңында журналистерді халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар