Бас бостандығынан айырылғандар жұмыссыз қалмайды

(Дауыстар: 1)
Бас бостандығынан айырылғандар жұмыссыз қалмайды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі қатаң режимдегі түрмеде ұйымдастырылған көрмені аралап көріп, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде көшпелі жиын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдымен аймақ басшысы ОВ-156/2 мекемесінде жазасын өтеушілердің қолдарынан шыққан түрлі заттарды тамашалады. Ол жерде кәдімгі құс жастықтан бастап ағаштан ойылып жасалған тұрмысқа қажетті дүниелер мен төбесі жабық күркеге дейін тұр. Сотталғандар арасындағы темірден түйін түйген шеберлер темір тордың арғы жағында босқа уақыт өткізбей, еңбек етуге ерекше құлшыныс білдіруде. Алайда, абақтыдағы жандарды еңбек-пен қамту мақсатында арнайы құрылған мекеме – «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорны тарапынан түсетін тапсырыс тым аз.

-Түрмедегі адамдардың еңбек әлеуеті жоғары, олар төсек, тротуар тақталары, металл құрастырғыштар сияқты темірден соғылған және басқа да қажетті дүниелерді жасап шығаруда. Ал сіздер мұны игілікке жарата алмай отырсыздар. Қалалық әкімдікпен хабарласыңыздар, облыс орталығындағы шағын сәулет мүсіндеріне, оның ішінде орындықтар мен қоқыс жәшіктеріне, әткеншектерге тапсырыс беруге болады. Мұндағы арзан әрі сапалы еңбек күшін пайдалануымыз қажет, – деп атап көрсетті.

Рас, бүгінде сотталғандар еңбегін тиімді пайдалануда кемшін соғып тұрған тұстарымыз көп. Айталық, ресми дерек көздеріне сүйенсек, қазір облыс түрмелерінде 13 мың шаршы метр жұмыс ауданы кәдеге жаратылмай қаңырап бос тұр. Өнімдерге деген сұраныстың жоқтығынан шағын цехтардың көбісі қаңтарылып қойылған.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру мәселесін бірлесе қолға алуды тапсырды. Жыл сайын өңірімізде 12 мың адам абақтыдан босап шықса, соның тең жартысы қайтып оралады. Себебі, олардың тұрақтайтын жері, баспанасы жоқ. Сотты болғандарды көп жерлерде жұмысқа да алмауға тырысады. Осындай кедергілердің кесірінен барар жері, басар тауы қалмаған, екі қолға бір күрек таппаған мұндай адамдар ақыры қылмысқа барып, темір торға қайта қамалады. Сондықтан облыс әкімі түрмелердегілердің санын азайтып, аймағымыздағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін барлық жауапты орындардың, оның ішінде жеке кәсіпорындардың да тізе қосып қимылдауын ескерте
келе, сотталып шыққандарға мониторинг жүргізіп, оларға арнап резервте бос жұмыс орындарын ұстап отыруды тапсырды.

Биылғы ақпан айында күшіне енген Мемлекеттік мүліктерді сенім білдірілген басқармаға тапсыру жөніндегі ережеге сәйкес ендігі жерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет меншігіндегі пайдаланылмай тұрған нысандарды немесе жер телімдерін өндірістік қызмет мақсатында беру үдерісін реттеу әлдеқайда жеңілдетілді. Қызмет көрсету саласын дамытудың да мүмкіндігі туындады. Соның арқасында жақын болашақта түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді еңбекпен қамтудың проблемасы шешіліп, олардың өнімдеріне тапсырыс көлемі артпақ.

Жиын барысында сондай-ақ, облыстық прокуратураның қызметкері Олег Морозов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айжан Садықова және басқа мамандар баяндама жасап, сотталғандарды еңбекпен қамту мәселелерін талқылады. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев түзеу мекемелерінде жұмыс орындарын көптеп іске қосу жеке кәсіпкер үшін арзан әрі сапалы еңбек күші болса, тұтынушыларға дайын өнім өндіруші, ал жазасын өтеушілерге табыс табуға зор мүмкіндік екенін қайталап, сол себепті бұл істі мықтап қолға алып, ары қарай ширата
түсу қажеттігін айтты.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар