Шығыс Қазақстанға христиандар іліміндегі қасиетті Құдай ананың белбеуі жеткізілді

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанға христиандар іліміндегі қасиетті Құдай ананың белбеуі жеткізілді
Өскеменге христиандар іліміндегі қасиетті Құдай ананың белбеуі жеткізілді. Қасиетті белбеуді әкелген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қабылдап, өңірдегі дінаралық келісімді нығайту, шіркеулермен өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Сіз Шығыс өңіріне жиі келіп тұрасыз. Осы жолы аймағымызға православтар үшін қасиетті саналатын белбеуді әкеліп отырсыз. Қа-сиетті жәдігердің сенушілерге үлкен рухани көмек көрсетері сөзсіз. Бұн-дай шаралар адами құндылықтар-дың нығаюына, көпконфессиялық келісімнің одан әрі өрістеуіне жол ашады. Облыс тұрғындарына көр-сетіп отырған осы және басқа да барлық қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, – деген аймақ басшысы облыста ислам және православ діндерінің барлық мерекелері бірге атқарылатынын жеткізді.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 40 пайыздайы – православ дінінің өкілдері. Олар үшін өңірімізде 36 православ шіркеуі қызмет етеді.

Шығыс Қазақстанға христиандар іліміндегі қасиетті Құдай ананың белбеуі жеткізілді

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында православ діні өсіп-өркендеп келеді. Елбасымыздың ұйғарымы бойынша жуырда Астанада православ дінінің мәдени-рухани орталығы ашылмақ. Сонымен бірге, ел Президенті Алматыда православ дінінің қызметкерлерін оқытатын семинария салуға тапсырма берді. Бұл – дұрыс шешім, мамандарымызды шетелдерде емес, өзімізде үйреткен жөн. Себебі, олар ең алдымен қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жетік білулері тиіс, – деді Астана және Қазақстан митрополиті.

Мәртебелі мейман Шығысқа Иса пайғамбардың анасы – әулие Марияға тиесілі белбеуді жеткізгенін, оның Андрей шіркеуіне қойылғанын айтты. Аталмыш жәдігер көп жылдар бойы Түркияның Ыстамбұл қаласында сақталған екен. Кейін оны төртке бөліп, Италия, Испания, Грузия және Грекияға жөнелткен. Грекиядағы белбеудің бір парасы Ресейге берілген. Қазір ол Мәскеудегі Илья пайғамбардың шіркеуінде сақталады.

– Мәскеуден арнайы әкелінген қасиетті жәдігер еліміздің он бір қаласында болды. Адамдар белбеуді көздерімен көріп, оған қолдарын тигізу үшін тәулік бойы кезек күтеді. Олар Алладан дерттен сауығуды,
бала сүюді сұрайды. Сенесіз бе, мыңдаған жан осы белбеудің көмегімен ата-ана болу қуанышын сезінді. Сондай-ақ, жаратқан иемізден халық түрлі апаттардан сақтауды, әлемде бейбітшілік пен келісімнің орнағанын тілейді. Солардың үміттері ақталғанын қалаймын, – деді дінбасы.

Шығыс Қазақстанға христиандар іліміндегі қасиетті Құдай ананың белбеуі жеткізілді

Риясыз жүздесу соңында митрополит Александр аймақ басшысына өңірде атқарылып жатқан табысты жұмыстар үшін өз ризашылығын білдіре келе, естелік кәдесыйды тарту етті. Өз кезегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрметті қонаққа Шығыстың кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертетін жаңадан шыққан альбом-кітапты сыйлады.

Кеше облыс орталығындағы Андрей шіркеуінде митрополит Александр басқа да дінбасылармен бірге дұға оқып, қасиетті белбеу алдында барша ниет етушілердің сыйыну рәсімін жүргізді. Ғибадатханаға келушілердің қарасы көп болды. Бүгін Құдай ана белбеуі Семейге жөнелтіледі.

Ержан Әбіш
суреттерді түсірген Сергей Суров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар