Өңірдің мәдениет пен өнер қызметкерлері марапатталды

(Дауыстар: 1)
Өңірдің мәдениет пен өнер қызметкерлері марапатталды

Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күніне арналып Өскемендегі этноауылда ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, өңірдің рухани өмірін өрге сүйреп жүрген бірқатар жандарға сыйлықтар тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесудің салтанатты сәтінде ТМД парламентаралық Ассамблея кеңесінің «Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев марапатталса, он алты адам Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін кеудесіне қадады. Ал облыс әкімінің мәдениет пен өнерді дамытуға қос-қан үлесі үшін берілетін сыйлығы он бір адамға табысталды.

Өңірдің мәдениет пен өнер қызметкерлері марапатталды

– Біз әрқашан да сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. Өйткені, сіздер – біздің еліміздің, ұлтымыз-дың мақтанышысыздар. Сіздер ар-қылы өзге халықтар қазақ деген ұлттың бар екенін, Қазақстан деген мемлекет барын біледі. Сіздер біздің тарихымызды, болашағымызды әр уақытта келер ұрпаққа насихаттай-
сыздар. Өздеріңіздің арқалары-ңызда еліміздің абыройы мен беделі өсуде. Осы орайда Мемлекет басшысының бүгінгі күнді мәдениет пен өнер күні деп жариялауы бекерден-бекер емес. Міне, бүгін өздеріңізбен киіз үйде, бір шаңырақтың астында тағы да жүздесіп отырмыз, – деп сөзін бастаған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өңіріміздің рухани‑мәдени өмірінің даму барысына тоқталып өтті.

Өңірдің мәдениет пен өнер қызметкерлері марапатталды

Соңғы төрт жылдың ішінде ғана облысымыздың мәдениеті мен өнері саласына 24 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Өңірдегі негізгі мәдениет ошақтарының түгелі дерлік жөндеуден өткізілген. Қазіргі күні облыстың аудан, қала-ларының барлығында мәдениет үйлері бар. Күршім ауданында да екі-үш айдың көлемінде мәдениет үйі пайдалануға берілмек. Мұнымен қоса, барлық өңірде жастар орта-лықтары мен өнер үйлері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Өскеменде құны 3 млрд. теңге тұратын драма театры салынып жатыр. Үш жылдан бері «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен шығысқазақстандық 41 қаламгердің кітаптары жарыққа шыққан. Бұл үрдіс әлі жалғасын таба береді.

Сондай-ақ, облыс әкімі өз сөзінде өнеріміз бен мәдениетіміздің көрші елдерге де насихатталып жатқанын атап айтты. Ал таяуда ағылшын сазгері Карл Дженкинстің «Абай-Шәкерім» ораториясын астаналық көрермендер де тамашалады. Бұл дегеніңіз – Шығыста дәстүрлі өнер ғана емес, классиканың да жақсы дамып келе жатқанының белгісі. Осы орайда облыс басшысы симфониялық оркестрдің жетекшісіне ризашылығын білдірді.

Кездесуде ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов өзінің осыдан он бес жыл бұрын жазған «Әкім мен ақын» атты өлеңін нақышына келтіре оқып берді. Ал облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев жиналған қауымға сол жағалаудағы кешенді дамыту жос-парлары туралы баяндады. Алдағы уақытта бұл арада ара өсіру тарихына арналған мұражай мен мұражай-аквариум да бой көтермек.

Сондай-ақ, кездесуде отыз жылдан астам уақыт Семейдегі Абай мұражайының директоры қызметін атқарған Төкен Ибрагимов, Абай ауданының «Қаламқас» ән-би ан-самблінің әншісі Нағия Бұланбаева, Зайсан аудандық мәдениет үйінің режиссері Алмагүл Сүйлейменова және тағы басқалар сөз сөйлеп, мәдениет пен өнер қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.

Мейрамтай Иманғали
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар