Соңғы қоңырау соғылды облыс мектептерінде

(Дауыстар: 1)
Соңғы қоңырау соғылды облыс мектептерінде

Кеше еліміздің барлық жерлеріндегідей, облысымыздың мектепт-рінде де соңғы қоңырау соғылды. Өскемендегі М.Әуезов атындағы
№17 және Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектептердегі салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, түлектерге ақ жол тіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Орайы келгенде айта кетейік, биыл Өскемен мектептерін 1569 түлек тәмамдаса, оның 65-і «Алтын белгіден», ал 29-ы ерекше үлгідегі аттестаттан үміткер.

Облыс әкімі алдымен №17 мектепке барды. Халық ағарту ісінің үздігі Т.Жукова басшылық ететін бұл мектеп 18 жылдан бері жұмыс істейді. Ондағы 30 сынып-кешенде 736 оқушы және «Дюймовочка» атты шағын орталықтағы үш сыныпта 90-ға тарта бала білім алуда.

Мектептің акт залында басталған мерекеге жиналған оқушыларды, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаған облыс әкімі:

– Құрметті оқушылар! Бүгін сіздердің балалық шақтарыңыздың небір тәтті кездері өткен мектеппен қоштасу сәті келіп жетті. Енді алдарыңызда үлкен, ұзақ жол тұр. Ол жол енді бірер күнде тапсыратын ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты болмақ. Сіз-дердің қай-қайсыларыңыз да тәлімді тәрбие, сапалы білім алғандарыңызға біз сенімдіміз. Біз облыс, қала басшылығының атынан барлығыңызға ақ жол тілейміз.

Облыс басшысының құттықтау-тілегінен соң-ақ тарыдай ғана бүлдіршіндер – бірінші сыныптықтар таудай болып, жаңа өмірге аттанып бара жатқан аға-әпкелеріне арнау өлеңдерін оқып, гүл шоқтарын сыйлады.

Облыс басшысының одан кейінгі ат басын тіреген орны – Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназия. 62 мұғалім (оның 42-сі жоғары және бірінші санатты) 760-қа тарта оқушыны білім нәрімен сусындатып жүрген мектепте екі мектепалды даярлық сыныбы мен екі ұзартылған күн тобы жұмыс істеп тұр. Бірнеше бағытта тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүйелі жүргізілетін білім ошағы биыл 20-сыншы рет түлек ұшырып отыр екен. Ол 58 түлектің алтауы «Алтын белгіге» үміткер көрінеді.

Мектептің көк майсаға оранған кең алаңына жиналған көңілдері көктемдей шуақты, десе де, көздерінде күлкіден гөрі қимастық толқу тұнған түлектерге облыс басшысы тамаша тілек арнады.

– Бүгін сіздер әліппеден бастап, барлық пәндердің кереметін үйреткен ұстаздарыңызбен қоштасқалы тұр-сыздар. Тегінде, адамның оң қолы жанұясы болса, сол қолы – мектеп. Дәл бүгін балалықпен қоштасып, өмір деген үлкен жолға шыққалы тұрсыздар. Ең бір қасиетті мамандық иелері – мұғалімдер, сіздерге үлкен рақмет. Оқушыларыңыздың армандары орындалып, биікте ғана самғасын, сіздердің үміттеріңіз ақталсын, – деді Бердібек Сапарбаев.

Одан соң түлектердің қоштасу вальсі басталды. Осы күні кешкісін қала мектептерінің түлектеріне арналып, Ертіс жағасындағы амфитеатрда соң-ғы қоңырау мерекесі өтті.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар