Жолақысы әзірге қымбаттамайды облыс орталығында

(Дауыстар: 1)
Жолақысы әзірге қымбаттамайды облыс орталығында

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесте аймақтағы жолаушылар тасымалының күрмеуі қиын мәселелері қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге салайық, осыдан екі аптадай бұрын Өскеменде тұрғындарды әбігерге түсірген келеңсіз жағдай болған. Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдайтын автобустардың тең жартысынан көбі жол ақысын 60 теңгеден 80-ге көтеруді
талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан еді. Оған себеп – дизель отыны литрінің 102 теңгеден 115 теңгеге өсуі және автопарктер қызметінің қымбаттауы. Алайда, туындаған проблемаға байланысты наразы компаниялармен дереу келіссөздер жүргізген жергілікті билік өкілдері жол жүру билетінің құнын бұрынғы қалпында (бір адамға төленетін толық билет 60 теңге) сақтап қалуға ықпал еткен-ді.

Қазір Өскеменде жолаушылар тасымалымен айналысатын 12 компания қызмет көрсетуде, бұлардың ішіндегі үшеуі айтарлықтай ірі ұжымдар. Айталық, «Рост» пен «VOSKA» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің аталмыш нарықтағы үлесі 60 пайыз десек, облыс орталығындағы жолаушылар тасымалының орташа жылдық көлемі 50 млн. адамды құрап отыр.

Қоғамдық көліктерде жол жүруге қатысты дәл осындай түйткіл Семейде де көрініс тапты. Қаланың автокөлік компаниялары билет құнын көтеруге тырыспағанмен, әлеуметтік жеңілдіктердің санын қысқартып тастаған-ды. Соның салдарынан наразы тұрғындар арыз-шағымдарын алға тартып жауапты орындарға шыққан. Облысымыздың қос шаһарындағы бұл проблемаларды жан-жақты зерделеп, тиісті тексеру амалдарын жүргізу, мәселенің мән-жайын анықтау үшін сала мамандарынан және қоғам өкілдерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, іске кіріскен. Қазірде топ мүшелері тексеру шараларын жалғастыруда.

– Ең бастысы, қаладағы жолаушыларды тасымалдау қызметі тоқтап қалмауы керек. Автобустар белгіленген кестеге сәйкес қатынайтын болсын. Ешкімнің де заңды бұзуға, сондай-ақ, жасалған келісімшарт талаптарын орындамауға құқығы жоқ. Заңды орындамағандарға қатаң шара қолданылады, – деп қадап тұрып ескерткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл жағдайды өзінің жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар