Америкалықтар салған тұрғын үйлер жастарға беріледі

(Дауыстар: 1)
Америкалықтар салған тұрғын үйлер жастарға беріледі
Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын тұрғын үйлермен қоса, енді Өскеменде қала әкімдігінің тапсырысы бойынша жыл сайын 120 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліп отырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Өскемен Экспо-2014» көрмесі барысында облыс орталығына жаңа тұрғын үйлер салуды көздеп отырған американдық корпорация мен қала әкімдігі арасында Өскемен қаласының тұрғын үй құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.

Жаңа зауытты салуға американдықтар 25 млн. доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Тұрғын үй құрылысы зауытын салуға 300 – 400 адам қатыспақ. Бизнесті дамыту аймағынан бөлініп берілетін жер учаскесіне салынатын ерекше зауыттың құрылысы биылғы қазан айында басталады. Ерекше деп айтуымыздың сыры – үйлердің қысқа мерзімде салынатындығында. Қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша қала әкімдігі салынған үйлерді корпорациядан сатып алып, жастарға несиеге береді.

– Жаңа үйлердің құрылысы 19-ықшамауданда жүргізіледі. Біз салынған үйлерді зауыттан сатып алып, қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша жас отбасыларына үлестіріп беріп отырамыз. Зауыттың салынуы қала жастарының тұрғын үймен көптеп қамтамасыз етілуіне үлкен септігін тигізеді. Өскемен үшін бұл қала экономикасына құйылған қомақты қаржы ғана емес, біраз мәселені шешуге ықпал ететін ірі әлеуметтік жоба, – деді қала әкімі Темірбек Қасымжанов.

– Біз Қазақстанда бірінші рет осындай тұрғын үй салуды қолға алғалы отырмыз. Мұндай үйлер қазір тек Америкада ғана бар. Бірінші-ден, бұл «жасыл» баспана болады, екіншіден, қолайлы заманауи технологиялар бойынша тұрғызылады. Үшіншіден, салынуының өзі ерекше, жылдам, құрылысқа қажетті материалдары түгелдей зауытта жасалынып, әзірленетін үйлердің негізгі құрылымдары құрылыс алаңына әкелініп, тез арада тұрғызылады, – деді американдық «Альфа Эко» корпорациясының басшысы Анатолий Потик.

Төртіншіден, деп қосарлық тағы бір өзгешелігі – инвестордың айтуынша, бұл анау қажет, мынау қажет деп ешнәрсеге алаңда-май, кілтін алып, кіріп тұра беретін дайын үй болмақ. Экологиялық жағынан таза материалдардан салынған «жасыл» үйдің ішіне қажетті жиһаз түрінің бәрі қойылып, даяр тұрады. Бірақ мұндай баспананың бағасының қанша болатыны белгісіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар