Өскеменге қарайтын кенттердің мәселелері талқыланды

(Дауыстар: 1)
Өскеменге қарайтын кенттердің мәселелері талқыланды

Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов қаланың экономикалық хал-ахуалы, жыл соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс мемлекеттік бағдарламалар және олардың шаһар тұрғындарының әл-ауқатына тигізетін әсері жайында Шығыс, Новоявленка және Ахмер кенттерінің тұрғындарымен кездесуде айтып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған ауылдың тұрғындарына жеке кәсіпкерлік құру, мал өсіру, егін егу, жылыжайлар құрылысы және қызмет көрсету бағытындағы кәсіпорындар
ашу керектігін баса айтты.

Әкім өз сөзінде мал, құс өсіріп, жылыжайлар, көшетхана және павильондар салуға арналған құрылыс материалдарын алам деп несие рәсімдеген тұлғаларға ғана көмек оларға несие рәсімдеу барысында туындаған қиындықтарды шешуге мобильді түрде қолдау көрсетілетіндігін атап көрсетті. Өкінішке қарай ауыл тұрғындары қазір коммуналдық қызмет-тер мен электр қуаты үшін қарызға белшеден батқан. Көбісі бұл жағдайдың орын алуы олар-дың еңбекақыларының төмендігінен екенін айтуда. Осы орайда басқаға жалданып жұмыс істегенше, өз ісіңді неге ашпасқа деген сұрақ туындайды. Өткен жылы ықшамаудан негізінде өткен семинарда кәсіпкерліктің түрлі нұсқалары ұсынылып, талқылауға түскен болатын.

Тұрғындар қала басшысымен кездесуде пеш орнату, қоқыс жинастыру, жол құрылысы, көгалдандыру және мал шаруашылығы мәселелерін көтерді. Өскемен қаласының әкімі әрбір мәселені бірлесіп, жеке-жеке қарастыруды ұсынды. Мысалы, малшыға қаражатын төлеп, ірі қараны табынға қосуға, тұрғындарға көбірек гүл отырғызып, бау-бақшаға көңіл бөлуге кеңес берді.

Ауладағы қоқысты шығаруға тұрғындар да белсенділік танытуы керек. Бұл мәселені №11 филиалдың директоры жіті назарда ұстайтын болады. «Сіздер белсенділік танытсаңыздар, біз көлік тауып беруге даярмыз» – деді қала әкімі.

Новоявленка ауылының тұрғындары жол жөндеуді тездетсе, Шығыс ауылындағы секілді теп-тегіс жолмен жүретін едік дейді.

Бұл шараларға бюджет қаржысы қарастырылады. 28-тұрғын аудан бойынша жұмыс жоспарындағы барлық ескертпелер мен ұсыныстар ескеріледі, алдағы уақытта ойға алған істі жүзеге асыруға септігін тигізеді. Пеш орнату жұмысына оралатын болсақ, өткен қыс оның тиімділігі мен ұтымдылығын дәлелдеді. Осы мәселені уақытында шешкен үй иелері коммуналдық қызмет бойынша шығынға батпай, отбасылық бюджеттерін басқа мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар