«Ізгі ниет» облыстық қайырымдылық марафонында 5 миллион теңге жиналды

(Дауыстар: 1)
«Ізгі ниет» облыстық қайырымдылық марафонында 5 миллион теңге жиналды

«Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың» ұйытқы болуымен қолға алынған «Ізгілікті ниет» қайырымдылық марафоны аясында қордың есепшотына жалпы сомасы 5 миллион теңге қаражат түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ізгілікті ниет» қайырымдылық марафоны аясында қорға қаржы аударып, аз қамтылған тұрғындарды қолдау жұмыстары Зырян, Ұлан, Глубокое аудандары мен Семей қаласында ерекше қарқынмен жүргізілуде. Әсіресе, марафонға өңіріміздегі «Қазцинк», «Өскемен-тәртіп» ЖШС, «Семей жолаушыларды тасы-малдау орталығы», «Семей қаласының орта-лықтандырылған кітапханалар орталығы», «Күршім аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», Курчатов қаласындағы №1 мектеп, Зырян қаласындағы «Элеватор» ЖШС, Зырян аудандық ауруханасы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі Р.Марсеков атындағы орта мектебі және тағы басқа кәсіпорындар мен мекемелер белсенді қатысуда. Оның ішінде 1 миллион, 800 мың теңге көлеміндегі қомақты қаржы 22-сәуірде Зырян ауданының орталығында өткен акция кезінде түсіпті.

Осы орайда «Ізгі ниет» облыстық қайырымдылық марафонына Семей қаласының тұрғындары бірнеше жыл қатарынан белсенді қатысып, бірінші орынды еншілеп келгенін де айта кеткен орынды.

Өз кезегінде «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қоры» да Семей өңірі жұртын қайырымдылық көмек пен төмен пайызды жеңіл несие қаржысынан кенде қалдырмауда. Мысалы, Семей өңіріндегі Приречное ауылының тұрғындары соңғы бес жылда осы қормен тығыз жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары мал бордақылау, бау-бақша өсіру шараларына осы қордан несиеге қаржы алып, оны мезгілінде қайтарып отырған көрінеді. Жергілікті әкімдік те аз қамтылған тұрғындардың несие алуына өз тарапынан жағдай жасап, шамасы келгенше ықпал жасауда. Приречное ауылдық округінің әкімі Қ.Шеңгелбаевтың айтуынша, соңғы бес жылда осы ауылдың 138 тұрғыны аталған қордан 16 миллион, 150 мың теңгені құрайтын қаржыны несиеге алған көрінеді. Қор директоры Сәкен Ғайса биылғы наурыз айында қор қызметкерлерінің Приречное ауылындағы несие алуға ықтияр аз қамтылған жандармен кездесу өткізгенін айтады. Тіпті, несиелерін уақытында, кешіктірмей қайтарған адамдарға қосымша несие алуға ұсыныс та жасалған.

– Несие алып, оны игеріп, мезгілінде қайтаруда Семейдің басқа елді мекендеріндегі заемшыларға приречноелықтардың ісі үлгі бола алады, – дейді қор директоры Сәкен Ғайса.

Аталған марафон 1-тамызға дейін жалғасатынын да оқырмандардың есіне сала кеткіміз келеді.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар