Облыс орталығы маңындағы бір гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылды

(Дауыстар: 1)
Облыс орталығы маңындағы бір гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылды

Өскемен қаласындағы халықаралық «Тian Dе» корпорациясы «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында қала маңындағы бір гектар аумаққа үш мың түп қылқанжапырақты ағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

-Былтыр біздің ресейлік әріптестеріміз Алтай өлкесінде 40 мың қылқанжапырақты ағаш отырғызды. Бұл көшеттер тоғайға айналғанда жыл сайын 200 мың адамды оттегімен қамтамасыз етуге қауқарлы болмақ. Бастамаға компанияның Новосибирскідегі дилерлері де қосылып, Алтайда бір мың қарағай көшетін отырғызды. Енді міне, Қазақстан бойынша бірінші болып бастап отырған акцияға компанияның 40 қыз-меткері белсене қатысуда, – дейді Өскемендегі «Тian Dенің» директоры Евгений Фоминский.

Аталған корпорация әлемнің 29 еліне 800-ге тарта экологиялық қауіпсіз косметика өнімдерін таратуда. «Экосфера» жобасы іске асырыла бастасымен осы аттас сауда маркасына ие экологиялық таза өнімдер ассортиментке енгізілді. Олардың барлығы – тұрмыстық, химиялық-синтетикалық заттарға балама. «Тian Dенің» экоөнімін сатып алған адам бір қылқанжапырақты көшеттің ақысына демеушілік жасайды.

Мысалы, компания тұрмыстық қалдықтар тастау үшін биоерігіш пакеттер қолданады. Ол пакеттер бір жарым, екі жыл ішінде толық еріп кетіп, су, биогумус және көмірқышқыл газын түзейді. Артықшылығы тайға таңба басқандай.

– Өскемен сияқты ластанған қала үшін экологиялық бағдарлама өте маңызды. Ал жасыл желектің адам өміріндегі маңызы ұшан-теңіз. Сондықтан мұны келер ұрпақтың денсаулығы үшін жасалып жатқан қамқорлық деп түсіну керек, – дейді компания өкілі Жанна Жүсіпова. – 2010 жылдан бері С.Лысенко мен А.Аникина сынды ресейлік демеушілердің көмегімен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, химиялық қоспасы жоқ, өте қажет дүниені таратып жүрмін. Біз Қазақстан нарығында жүрген үш жыл ішінде көп шаруа атқардық. Өткен жаңа жыл мерекесі қарсаңында Талдықорғандағы балалар үйіне қайырымдылық ретінде қаражат аударсақ, биыл міне, экологиялық жобаны қолға алдық.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар