Шығыс Қазақстанда сегіз оқушыға бір компьютерден келеді

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда  сегіз оқушыға бір компьютерден келеді

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінде информатика пәні мұғалімдерінің «ІТ-білім – ілім-ғылымның эволюциясы» атты ІІ өңіраралық форумы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Арысы Татарстан, берісі Алматы, Қарағанды, Павлодар және біздің облыспен қатар, республикалық білімдегі жаңа технологиялар орталығының басшы мамандары бар, барлығы 300-ге таяу мұғалім қатысқан шараның басты мақсаты заманауи технологиялар туралы толыққанды түсінік бере отырып, оның қолданысын жан-жақты талдау, өңірлерде білім берудің ақпараттануын бағалап, оның перспективалық бағыттарын айқындау еді.

Форум басталмас бұрын әр өңірден келген қонақтарға Өскемен қаласындағы мектептердің дарынды оқушылары өздерінің үздік инновациялық және ІТ-жобаларын көрсетті. Мәселен, қаладағы №25 математика, физика және информатика бағытында білім беретін мектеп-лицейдің оқушысы Александр Евдокимов өзінің төтенше жағдай бола қалған жағдайда құтқару тәсілдеріне қолданылатын робот-техникаларын көрсетсе, Әсет Жаңабаев электр үнемдегіштерінің жобасымен таныстырды. Ал қаладағы өңірлік жаңа технологиялар орталығы директорының орынбасары Сергей Коваленко мүмкіндігі шектеулі балаларға бағытталған «Окно в мир» атты жобаның негізгі бағдарын түсіндіріп берді.

Негізі, аталған форумда алматылық «ВМG» ЖШС қашықтан оқыту түрлерінің әдістері, өңірлік «Дарын» орталығы оқушылардың ІТ-саладағы жобалық қызметтері, «Рейтинг» ЖШС «Smart-мектеп: оқытуды ұйымдастыруға арналған техникалық шешімдер» деген тақырыптарда өз жобаларын қорғады.

Білім саласын жаңғыртуға негізделген өңірлік форумның пленарлық мәжілісінде облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев аймағымыздағы жаңа технологияларды пайдалана отырып жүргізілетін сабақтар, оны жас ұрпақ санасына сыналап енгізіп жүрген жаңашыл мұғалімдер жайында айта келіп, өткен жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Түлек.kz» сайты туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ, облыстың 126 білім ордасында электрондық кластар бар екенін, аймақта сегіз оқушыға бір компьютерден келетінін және басқа да жайлар туралы қысқаша баяндаса, Татарстан білім министрлігінің департамент басшысы Булат Юнусов өздеріндегі білім беру ерекшеліктерінен хабардар етті. Ал республикалық білімдегі жаңа технологиялар орталығы директорының орынбасары А.Бейісмағамбетова арнайы слайдтар арқылы оқушыларға электрондық оқулық дегенді тек компьютердің көмегімен ғана үйретуге болатындығы жайында әңгімеледі.

Пленарлық мәжілістің соңын ала білім беру ұйымдарындағы ең үздік веб-сайттарға жарияланған байқауда жеңімпаз атанғандарды марапаттау рәсімі болды. Сондай-ақ, әр өңірден келген мұғалімдерге арналып, шеберлік-сыныптары өткізілді.


Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар