Бауырлас қалаларды байланыстырған телекөпір өтті Өскеменде

(Дауыстар: 1)
Бауырлас қалаларды байланыстырған телекөпір өтті Өскеменде

Астанада өткізілген Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері Президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсімі қарсаңында Өскеменде аталған мемлекеттердің бауырлас қалаларын байланыстырған телекөпір ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының жылжымалы телевизиялық спутниктік стансасымен қамтамасыз етілген тарихи маңызы бар телекөпірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Алтай өлкесі мен Могилев облысының басшылары Александр Карлин мен Петр Рудник қатысты.

Үш елдің сауда-экономикалық, кәсіпкерлік, білім-ғылым, мәдениет пен өнер секілді сан саладағы өзара қарым-қатынастары әңгіме арқауына айналған жиында алғашқы сөздің кезегін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев алды.

Бауырлас қалаларды байланыстырған телекөпір өтті Өскеменде

– Біз үш мемлекеттің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қоятын тарихи сәттің қарсаңында келелі жиын өткізіп отырмыз. Бұл – заңдылық. Біздің елдердің арасындағы байланыстар тұрақты және ұзақмерзімді сипатқа ие. Дәл осындай қарым-қатынас Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесі және Могилев облысының арасында да берік орнап, Кедендік одақтың арқасында қанатын кеңге жайды. Айталық, өткен жылы біздің облыстың Ресей және Беларусьпен тауар айналымы 1 миллиард доллардан асып жығылса, биылғы төрт айдың қорытындысында бұл көрсеткіш 300 миллион долларды құрады, – деп атап өткен аймақ басшысы бұл жетістіктер Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен еселеніп, ынтымақтас-тық байланыстар қазіргіден де биік деңгейге қадам басатынын жеткізді.

Бұдан кейін сөз тізгінін ұстаған Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин: – Біздің ел Қазақстанмен де, Беларусьпен де экономикалық және гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнатқан. Алтай өлкесіндегі сыртқы тауар айналымының үштен бірі Қазақстанға, оның ішінде ең қомақты үлесі шекаралық облыстар Шығыс Қазақстан мен Павлодардың кәсіпкерлеріне тиесілі. Кейінгі кездері Беларусь республикасымен, оның ішінде Могилев облысының ауылшаруашылық машиналарды құрастырушылармен тығыз байланыс орнатылды. Бүгінгі телекөпірдің Рубцовскіде біздің елдердің теміржол саласына қажетті сынақ зертханасын құру туралы шешім қабылданған халықаралық конференциямен қатар өтіп жатуы қуантады, – деді.

Айта кету керек, қазір облысымызда 250-ден астам Ресеймен бірлескен кәсіпорын заман талабына сай жұмыс істеуде. Біздің өңірден солтүстіктегі көршімізге минералдық өнімдер мен металдар экспортталуда. Гуманитарлық салада да байланысымыз мығым. Мәселен, Өскемен, Семей, Жаңа Сібір, Томск, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының жоғары оқу орындары көптеген бірлескен жобаларды қолға алып, ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Жастар саясатында да ілгерілеушілік анық байқалады. Ресей мен Беларусьтің студенттік құрылыс жасақтары өзара тәжірибе алмасуда. Алдағы уақытта олардың ауқымы бұдан әрі кеңейе түспек.

Телекөпір арқылы байланысқа Беларусь елінің өкілдері де шықты. Могилев облысының басшысы Петр Рудник сөзінің әлқиссасын шы-ғысқазақстандық әріптесі Бердібек Сапарбаевтың назарына қаратып бастады. Ол өздерінде жарық көретін «Могилевские ведомости» газе-тінде Шығыс Қазақстанның бүгінгі тыныс-тіршілігін паш ететін арнайы беттің жарық көруі күтпеген игі бастама болғанын тілге тиек ете келе, үш мемлекеттің одақтасуынан қан-дай нәтиже шығатынын санамалап берді.

– Біріншіден, тауар айналымы артады. Себебі, Кедендік одақ құрылғалы бері бұл көрсеткіш 1,4 есе өсіп, 2013 жылы 2,8 миллиард долларды құрады. Екіншіден, бірлескен кәсіпорындар құрудың әлеуеті артады. Мысалы, біздің облыс көлік дөңгелектерін молынан өндіреді. Сол сияқты жеделсатылар (лифт) мен қағаз шығаруда да ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз бар. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін үш жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Могилев облысы сіздердің елдермен тығыз орныққан достық, әріптестік қарым-қатынасты одан ары тереңдетіп, өркендетуге әрқашан дайын, – деді Могилев облысының басшысы Петр Рудник.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар