Бейорганикалық бұйымдар өндірісі зауытының проблемаларын министр шешіп беретін болды

(Дауыстар: 1)
Бейорганикалық бұйымдар өндірісі зауытының проблемаларын министр шешіп беретін болды
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев еліміздің Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевпен бірге Зырян ауданындағы бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарда болды. Алдымен Серебрянка бейорганикалық бұйымдар өндірісі зауытында болып, кәсіпорынның қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аталған зауыт – еліміздегі адамның тыныс алу жолдарына арналған қорғаныш заттарды және ауаны тазартатын өнеркәсіптік сүзгілерді шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Қазір бұған қоса күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі пластмасса өнімдерін де шығарып жатыр. Серебрянка қаласының әкімі Сергей Гордиенко банкроттыққа дейін кәсіпорынның айналым капиталы миллиард теңгеге дейін жеткен болса, қазір 20 млн. теңгеден әрең асатынын айтады.

– Мұндағы негізгі мәселе үкіметтік деңгейдегі бюрократиялық кедергілерге байланысты болып отыр. Сонымен қатар, дәл осындай зауытты Көкшетауда салу жоспарлануда. Тек қана қаржыландыруды қажет ететін, барлық өндірісі дайын кәсіпорын тұрғанда дәл сондай тағы бір зауыт салудың қаншалықты қажеттілігі бар, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев министрге мұндағы ахуалды кеңінен түсіндіріп.

Бүгінде мұндағы екі цехта жиыны 130-дай ғана адам мардымсыз жалақыға еңбек етуде. Тапсырыстар тек облыстағы «ҮМЗ» АҚ мен «Қаз-цинк» ЖШС-нен ғана түседі екен.

Облыс басшысы зауыт жұмысына қатысты жағдайларды министрге баяндай келе, кәсіпорын «Қазақстан Инжиниринг» АҚ-ның қамқорлығына алынысымен толық көлемде жұмыс істеуге көшуі керектігіне, тек коммерциялық корпорация үшін ғана емес, мемлекеттік тапсырыстарды да көптеп орындауы керектігіне жиналғандардың назарын аударды. Өз кезегінде министр мәселені шешуге өзі тікелей араласатынын жеткізді.

– Мен үшін ең бастысы, «Қазақстан Инжиниринг» жұмыс істеуге дайын болуы керектігі. Қалған мәселелердің шешімі табылады деп есептеймін. Үкіметтегі банкроттық жөніндегі қаулының тезірек шығуына және қағазбастылықты тезірек реттеуге нақты көмектесе алатынымды айтқым келеді, – деді Болат Жәмішев.

Сондай-ақ, Өңірлік даму министрі шағын қалаларды дамыту мақсатында мемлекеттен бөлініп жатқан гранттар мен шағын несиелер туралы сөз қозғап, қаланың инфрақұрылымын дамытуға, инженерлік жүйелерді жаңартуға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қаржылай қолдаулар болатындығын атады. Сондай-ақ, Серебрянка қаласының әкімі С.Гордиенкодан шаһардың даму келешегі туралы, мұндағы бос тұрған көпқабатты үйлердің қанша екендігін сұрады.

– Ондай үйлердің саны бесеу. Олардың екеуін бұзуға шешім шығарылса, қалғандарын коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді қала әкімі.

Болат Жәмішев бұл мәселеге орай барлық құжат жұмыстарына өте жауапкершілікпен қарауды, аталған үйлер жөндеуден өткен соң оларға қоныстанатын адамдарда мәселелер туындамауы керектігін ескертті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған мәселеде ешқандай сұрақтар туындамайтындығын, осы уақытқа дейін өңірде ондай жағдайлардың бәрі оң шешімін тапқанын, барлығы да заңдық нормалар аясында жүзеге асырылатынын жеткізді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар