Шығыс Қазақстанда заңсыз діни қызметпен айналысқан 70 дерек анықталды

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда заңсыз діни қызметпен айналысқан 70 дерек анықталды

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалық етуімен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңестің отырысы болып өтті. Жиында Өскемендегі діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің атқарған жұмысы тыңдалып, өңірдегі діни бірлестіктермен 2013-2014 жылдарда осы салаға қатысты ел заңнамаларының орындалуы, талаптарының сақталуы жөнінде мәселелер қаралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинованың ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күні облыс орталығында 28 діни бірлестік жұмыс істеуде. Аталған бірлестіктердің иелігінде 27 культтік нысан бар. Бұдан бөлек 2013 жылдың 15 ақпанындағы облыс әкімдігінің қаулысымен қаланың аумағында діни әде-
биеттер мен діни мазмұнды ақпараттық материалдарды тарататын 51 арнайы стационарлық орын белгіленіпті.

– Қазір Өскеменде діни ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында діни сауаттылықты көтеру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс ағымдардан келетін қауіп-қатер, олардың тигізетін зардаптары туралы түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілді және бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді. Дін қызметкерлері-нен, жауапты мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылған қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы кәсіпорындарда, оқу орындары мен мекемелерде, жалпы жұрт көп жиналатын жерлерде түсіндіру амалдарын белсенді атқаруда, – деп атап өткен Бұлбұл Бакинова бұл орайдағы жұмыстар ақпарат құралдары арқылы да белсенді жүргізілгенін айтты.

Діни қызмет аясындағы заң-намалардың орындалу барысы турасында баяндама жасаған облыс прокуратурасы бірінші басқармасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы Мақсат Медіғатов қадағалаушы органдармен анықталған бірқатар заңсыздық-тарды мәлім етті.

Прокуратура өкілінің ақпаратына көз жүгіртсек, өткен бір жыл ішінде облыста заңсыз діни қызметпен айналысқан 70 дерек анықталған. Олардың дені Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларында, Аягөз, Бородулиха, Зырян аудандарында болған. Көрсетілген істерді облыс соттарымен қарау нәтижесінде 67 тұлға заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылған.

– 2013 жылы заңсыз миссионерлік қызмет үшін жауапқа тартылған-дардың сегізі «Иегова куәгерлері»
идеясын таратушылар болса, тіркел-меген бірлестік қызметіне қатысу және басшылық етумен байланысты деректер «Евангелие христиан баптистері», «Жаңа өмір», «Алля Аят», «Саентология» ұйымдарында анықталды. Биыл-ғы бес айда 19 адам дін саласындағы заң талаптарын орындамағаны үшін түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Мақсат Медіғатов.

– Аталған бағыттағы жұмыстарды ары қарай жалғастыра беруіміз керек. Осыған дейін айтып жүрген «Рухани керуен» бастамасын қолға алып, өңірдегі елді мекендерге шығатын ақпараттық-насихат тобының құрамына зиялы қауым өкілдерін, ақын-жазушыларды, мәдениет пен өнер адамдарын тарту қажет. Сол сияқты Өскемендегі шағын және орта бизнес нысандарына ғана емес, ірі кәсіпорындарға барып, түсіндіру шараларын өткізіңіздер. Қажет болса көрші аймақтардан мамандарды тартыңыздар. Облыстағы діни ахуалды үнемі бақылауда ұстап, талдау жүргізіп отыру қажет, – деп түйіндеді жиынды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар