Саяси қуғынға ұшырағандар еске алынды

(Дауыстар: 1)
Саяси қуғынға ұшырағандар еске алынды

Өскеменде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «XX ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы тоталитарлық билік және халық» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев, Президент мұрағатының директоры Борис Жапаров және еліміздің өзге өңірлері мен Ресейден келген саясаткерлер, тарихшылар, ғалымдар қатысты.

- Бұл күн көпшіліктің есінде мәңгі сақталады. Жазықсыздан-жазықсыз қаншама білімді азаматтар атылып кетті. Халық ашаршылықтан, жазықсыз сотталудан қашып шекара асты. біз енді тарихтағы қателікті қайталауға жол бермеуіміз керек, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Н.Шерубаев. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бірінші проректоры бауыржан ердембеков осы тақырыпта сөз сөйлей келе, еуразиялық экономикалық одақ жөнінде де өз ойын ортаға салды. сонымен қатар, аталмыш шара аясында «тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Көрмеге Алаш қайраткерлерінің еңбектерімен бірге сонау отызыншы жылдардағы халықтың көрген нәубеті туралы жазылған кітаптары қойылды. Ал саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында қуғынға ұшыраған, жазықсыз атылып кеткендердің ұрпақтарымен кездесу өтті. Кездесуге Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов келіп қатысты.

Отызыншы жылдары жазықсыз атылған Жартай Әбілқасымовтың ұлы Төлеухан Әбілқасымов шараға қатысып, әкесі туралы жазылған «Арман асулары» атты кітабын мұражайға табыстады. Саяси қуғын-сүргін құрбаны Жартай Әбілқасымов 1905 жылы Тарбағатай өңірінде туған екен. Сауатты адам болса керек, Шілікті ауылынан әрі қарай «Красный пограничник» колхозының мүшесі болып жүрген жерінен 30-40 үйлі Жасталап колхозына есепші етіп жіберіпті.

- Мен бар болғаны екі-ақ жаста екенмін. Шешемнің айтуынша, ақпан айында түнде 31 жастағы әкемді еш ескертусіз, сотсыз алып кеткен. Сол кеткеннен оралмады. Сол кезде Жасталаптан көптеген адамдар Өскеменге дейін жаяу апарып, наурыз айында ату жазасына кескен екен. Тек 1958 жылы мен әскерде жүргенде ақталды деген қағаз келіпті, - дейді Төлеухан Әбілқасымов. Төлеухан аға бала күнінен көп қиындық көріп өскен екен. Әкесін әкеткеннен кейін ауылдықтар оларға халық жауының отбасы ретінде күдікпен қарай бастапты. Киімнің жоқтығынан 10 жасында бірінші сыныпқа барып, 20 жасында оныншы сыныпты тәмамдаған. Кейіннен екі жоғары білім алып, көп жылдар ұстаздық қызмет істеген. Бүгінде Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер.

1930 жылдары ғалымдардың көбі Қазақстанға жер аударылған екен. Солардың арасында Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі Елизавета Балкашина Қазақстанға жіберіліпті. Оның көрген қиыншылығы жөнінде қызы Татьяна Ромашова әңгімелеп берді. Осы күні өзге де саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мұражайға ата-бабалары жайында тың деректер әкеліп табыстап жатты. Іс-шарадан кейін келген қонақтар мұражай ішін аралап көрді.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар