Дарынды балаларға ақшалай сыйлықтар берілді

(Дауыстар: 1)
Дарынды балаларға ақшалай сыйлықтар берілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Аягөз қаласының орталық алаңында «Мен тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағымын» атты мерекелік ісшара өтті.

Биылғы балалар мерекесінде Аягөз ауданының бүлдіршіндері мен дарынды жасөспірімдерін аудан әкімінің орынбасары С.Ысқақов құттықтады.

Аудан әкімдігі тарапынан бөлінген 1млн. теңге көлеміндегі қаражат аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда жоғары жетістікке қол жеткізген, сондай-ақ спорттық сайыстарда топ жарып жүрген дарынды оқушылардың әрқайсысына ақшалай сыйлық ретінде 10 мың теңгеден үлестіріліп берілді.

Дарынды балаларға ақшалай сыйлықтар берілді

Мерекелік шараға қаламыздағы 10 білім мекемесінен 300 оқушы қатысты. Олар би-билеп, асфальтқа тақырып бойынша топтасып сурет салудан және спорттық ойындардан сынға түсті.

- Балаларды қорғау күні, бұл ең қуанышты мереке. Бұл күннің жақсы өтуі, есте қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы зор. Себебі кішкентай бүлдіршіндерге әрдайым қамқорлық, назар аудару қажет, ал бұл сезімдер әрқайсысымызда бар екендігі белгілі. Және оны өзгелерге білдіру үшін арнайы бағдарлама мен қандай да бұйрықтардың қажеті жоқ, - дейді шараны ұйымдатырушылар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар