Бұзақы жасөспірімдер: олар кімдер?

(Дауыстар: 1)
Бұзақы жасөспірімдер: олар кімдер?

Шығысқазақстандық жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық фактілерінің өткен жылдармен салыстырғанда артқаны байқалады. Жас қылмыскерлердің ең көп жасайтын қылмыстары ашық тонау, ұрлық және топ болып бұзақылыққа бару. 2014 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық ювеналды сотында қаралған қылмыстық істер бес адамға, азаматтық істер 16 пайызға, әкімшілік істер 28 пайызға өскен. Қылмыстардың басым бөлігі Өскемен, Зырян, Риддер қалаларының үлесіне тиеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Төлеуғали Жұмагелдиннің айтуынша, жыл басынан бері кәмелет жасына толмағандарға қатысты 37 іс қаралып, 24 жасөспірім сотты болыпты. Бір жеткіншек бас бостандығынан айырылса, тағы 3 жастың бас еркіндігіне шектеу қойылған.

Бүгінгі таңда жас бұзақыларға мүмкіндігінше жеңілірек жаза қолдану тәжірибесі кеңінен қолданылуда. Осыған орай елімізде құрылған ювеналды соттар өз жұмыстарын 2012 жылдың шілде айынан бастаған болатын. Енді шалыс басқан жеткіншектерді бұрынғыдай бірден колонияларға айдамай, олардың бас бостандығына шектеу қою, басқа да жеңіл жаза түрлерін қолдануға болады. Бас бостандығына шектеу қою дегеніміз – кінәлі деп танылған жасқа сабақтан кейін үйден шығуға, көңіл көтеретін орындарға баруға тыйым салынады, құқық қорғау орындарының рұхсатынсыз басқа жаққа көшіп кетуіне болмайды.

Осындай жұмсақ үкімдер олардың бесіктен белдері шықпай жатып «қылмыскер» атанбауына септігін тигізбек. Бұл тәжірибе өркениетті елдерде жиі қолданылып жүр. Мысалы, Германияда жеткіншектердің көптеген бұзақылық істері бар болғаны балалық еркелік деп саналып, жазалануға жатпайды екен. Дана қазақ халқы да ертеректе тентектерін ешқандай сот үкімінсіз-ақ өздері жөнге салып отырғанын тарихтан білеміз.

Төлеуғали Жұмагелдин қылмыс жасағандардың арасында бұрын сотталмаған, тіпті құқық қорғау органдарында есепте тұрмаған жас өскіндердің жиі ұшырасатынын айтады. Ата-аналарының балаларына дұрыс қарамауы, бақылаусыз кетулері жастардың түнгі уақыттарда ішімдік ішіп, топ болып бұзақылық жасауына әкеліп соғуда. Әке-шешелерінің ішкілікке салынып, балаларын кім көрінгеннің қарауына тастап кетулері де жасөспірімдердің теріс жолға түсулерінің бір себебі болып табылады. Тұрмыс жағдайларының төмендігінен ашық тонаумен айналысатындар да баршылық. Сонымен қатар балалар еліктегіш келеді, олардың арасында ересектерге еріп, қылмыстық жолға түскендері де бар. Бұл жағдайда да қылмысты істі кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды екен. Биыл жеткіншектер арасында кісі өліміне қатысты іс тіркелмегенімен, ауыр жарақат салғандар кездескен. Мысалы, әйел адамға зорлық-зомбылық көрсетіп, оған СПИД дертін жұқтыру қаупін төндірген бір кәмелетке толған жас бес жылға сотталып кетті, бұл ауыр қылмыстардың санатына жатады.

Төрағаның айтысына қарағанда, жеткіншектер арасындағы заңбұзушылықтың алдын-алу мақсатында сот қызметкерлері мектептерде оқушылармен кездесулер ұйымдастырып, лекциялар оқиды, дөңгелек үстел жұмыстарын ұйымдастырады. Елбасының Жолдауында сот ісінде жаңа технологияларды пайдалану, сот жұмысын жетілдіру, адам құқығын қорғауды тиімді жүргізу сияқты міндеттер қойылғаны белгілі. Осыған орай бүгінгі таңда тұрғындарға өз арыздарын электронды үкімет арқылы жолдауға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ электронды бақылау іс жүргізу, онлайн режимінде іс жүргізу енгізілген. Мысалы, куәгерлер не басқа қатысушылар сотқа келе алмаса, олар өздерінің тұрғылықты жерлерінде онлайн режимі арқылы сот процессімен танысып отыруына болады. Тұлғалар соттың базасына кіріп, өздеріне қажетті мағлұматтарды толық алуына болады. Сот істері арызданушының өтініші бойынша қалаған тілде жүргізіле береді.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар