Қаржы полициясы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

(Дауыстар: 1)
Қаржы полициясы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Қазақстанның құқық қорғау органдары саласындағы ең жасы - экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, яғни, қаржы полициясы. ҚР каржы полициясы биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығысқазақстандық қаржы полицейлері кәсіби мерекелерінің мерейтойын Өскемендегі Үлбі орталық мәдениет үйінде салтанатты жағдайда атап өтті. Сахна төріне мемлекетіміздің Көк байрағы шығарылып, Әнұран әуелей жөнелгенде онсыз да мерекелік көңіл күйдегі зал толы жұрт толқып кетті.

Мерейтойларымен құттықтай келгендерге ризашылығын білдіріп, қарамағындағы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған той егесі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Бәделхан Камалханұлы алғашқы құттықтау сөз тізгінін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевқа ұсынды.

Ол қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуда талмай атсалысып, көлеңкелі экономикамен тынымсыз күресіп келе жатқан қаржы полициясы мамандарының жауапты да, ауыр қызметтеріне тоқталды.

Қазақстан қаржы полициясыҚазақстан қаржы полициясы

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізіп, қаржы полициясының бірқатар офицерлеріне арнайы марапаттарды табыс етті.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы Г.Пинчук, Өскемен қаласының әкімі Т.Қасымжанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков және тағы басқалар мерейтой иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, тарту-таралғылар жасады.

Мерекелік жиын барысында өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарап, міндеттерін мінсіз атқарған қаржы полициясының бірқатар офицерлеріне кезектен тыс шен тапсырылса, қайсыбірінің омырауында 20 жылдық медаль жарқырап, енді бірінің қолдарына мақтау грамоталары тиіп жатты.

Осы кеште қаржы полициясының құрылған күнінен бастап елімізге адал қызмет атқарған, бүгінгі күні зейнеткерлік демалыстағы ардагер офицерлерге де сый-сияпат жасалып, төрден орын ұсынылды. Солардың бірі - Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының бірінші басшысы болған Серік Ақынов бүгінгі қаржы полициясының қоғам алдындағы абырой-беделінің оңайлықпен келмегендігі, алғашқы жылдардағы кадр тапшылығы хақында, ел арасындағы екіұдай пікірлер мен көзге көрінбейтін кедергілер, тосын тосқауылдар мен салықтан жалтарушылар жайындағы естеліктерімен бөлісті.

Серік Құсанбаев
фото Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: қаржы полициясы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар