Шығыс Қазақстанда туризм кластері құрылады

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда туризм кластері құрылады

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Сарыбел, Миролюбовка ауылдары Ертіс жағасында орын тепкенімен ғана емес, облыс орталығына жақын орналасқанымен де туризмді дамытуға ыңғайлы болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Көкпектінің маңындағы Толағай тауы да демалушылардың назарын өзіне аудартып келе жатқан тылсымға толы жердің бірі. Аудан кәсіпкері Әсел Ахметова Омск-Майқапшағай тасжолының бойынан туристерге арналған кемпинг - қонақүй кешенін салуға кірісіп жатыр. 50 млн. теңгеге жүзеге асырылғалы отырған жоба Ертіс жағалауындағы Сарыбел демалыс базаларына баратын демалушылар үшін аса қолайлы сервистік қызмет көрсету орнын құруға мүмкіндік бермек, - дейді Көкпекті аудандық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Әлия Мұқашева.

Туристер мен саяхатшылардың суға шомылып, тынығуына аса қолайлы Миролюбовка елді мекенінде кәсіпкер Қуат Лұқпанов балық өсіріп, өңдейтін шағын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Мұнда 30 жұмыс орны ашылады. Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылған «Ауылға қажет 100 жоба» жобасын бағдарға ала отырып, бұл ауылда биыл шағын тұрмыстық қамту үйі, пияз өсіру, жартылай фабрикат өнімдерін шығару сияқты сегіз жоба жүзеге асырылмақ.

Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі осылайша демалыс орындары маңындағы ауылдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, тынығуға қажетті жағдай жасау арқылы өңірде шағын туризм кластерін құруды көздеп отырғандарын айтады.

Жанаргүл Мұқатай
суретті түсірген Сергей Суров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар