Ең үздік жұмысшы мамандарын анықтаған байқау өтті

(Дауыстар: 1)
Ең үздік жұмысшы мамандарын анықтаған байқау өтті

Семей құрылыс және электр техникалық кол ледждерінде ең үздік жұмысшы мамандарын анықтаған екі бірдей халықаралық байқау өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өз қатарластарының алды атану үшін Ресей мен еліміздің Павлодар, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана қаласының арнаулы орта оқу орындарының оқушылары сынға түсті.

Жас мамандардың байқауына оны ұйымдастырушылардың бірі - Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері палатасының бастамасымен өңірдегі «СМФ Имсталькон», «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ сияқты бірқатар кәсіпорындар тартылды.

Байқау барысында шығысқазақстандық студенттер барлық аталымдар бойынша мықты екендіктерін таныта білді. Мәселен, Семейдегі индустриалды-техникалық колледжінің студенті М. Дүйсебаев ең үздік слесарь атанса, тағы Семей мен Риддердің екі оқушысы жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Ал Өскемен политехникалық колледжінің өкілі О.Борисов ең үздік электр құрастырушы екенін дәлелдесе, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жетік меңгерген Г.Ситников (Глубокое аграрлық колледжі) осы аталымда жеңімпаз атанды.

Қазылар алқасы әрлеу жұмыстары бойынша ең үздік маман ретінде Алтай сәулет-құрылыс колледжінің студенті А.Чебыкинді (Ресей) марапаттады. Ал павлодарлық А.Жидкова екінші тұғырға көтерілсе, қарағандылық А.Алтын мен Астана құрылыс-техникалық колледжінің оқушысы О.Губин осы аталымда үшінші орынды бөлісті.

Ең үздік жұмысшы мамандары байқауының бас жүлдесін Семей құрылыс колледжінің оқушысы Әділ Уалханов қанжығасына байлады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім | Кілт сөдер: мамандық

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар