Өзге ұлт өкілдері Абай шығармаларын жатқа оқыды

(Дауыстар: 1)
  • 12 маусым 2014, 10:12 |
  • Пікірлер: 1
Өзге ұлт өкілдері Абай шығармаларын жатқа оқыды

Өскемен қаласындағы Достық үйінде Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма этнос жастары арасында «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты облыстық Абай оқуларын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жылда өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау басталмас бұрын оған қатысушылар Өскеменнің орталық алаңындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым етті.

Бұл іс-шараның мақсаты - өзге ұлт өкілдері арасында Абай шығармашылығын насихаттау арқылы олардың қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласы мен отансүйгіштік сезімдерін арттыру, қазақстандық бірлікті нығайту.

Қазақ тілінің көркемдігі мен бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттау мақсатын ұстанған шараға облыстың аудандары мен қалаларында өткен іріктеу кезеңдерінде бас жүлде иеленген үміткерлер қатысты.

Алдымен тілге тиек етер нәрсе, ұлы ақынның өзі: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» - деп айтып кеткеніндей, мұндай сайыстар жалпы Қазақстан халқын ынтымаққа, достыққа шақырады. Осындай ұлағатты ұстанғандықтан болса керек, түрлі этнос өкілдерінің қазақтың ұлы ақынының өлеңдеріне, шығармашылығы-на деген сүйіспеншілігі байқау барысында айқын көрінді. Ал көрермендер болса, сайыскерлердің Абай шығармаларын жете түсініп, қара өлеңдерін жатқа оқуынан олардың қазақ әдебиетіне деген құрметін көріп, сүйсіне қолпаштап отырды.

Байқау тапсырмалары оған қатысушы 15-21 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінен көркемсөз оқу шеберлігін айқындау, «Абай жолы» романынан (1-ші кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» сынды тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау және әншілік қабілетін (Абайдың бір әнін орындау) таныту бағытындағы шеберліктерін байқатуды талап еткен еді.

Қашанда бірінші болып сөз саптау оңай емес. Алайда, алдыңғы болып, ел алдына шыққан курчатовтық Ольга Загидуллина хакімнің 35-ші қара сөзін тәп-тәуір алып шыққан. Бұл кезеңде бір-бірімен үзеңгілес келе жатқандардың шабысын Өскемендегі №7 мектептің оқушысы А.Шагидевич пен Шемонайха ауданындағы Выдриха орта мектебінің 9 сынып оқушысы А.Партолина бұзғанын байқадық. Олардың алдыңғысы берілген тапсырманы көрерменнің көзін бақырайтып қойып, қағаздан оқыса, соңғысы көп сөзді бұзып айтып (ақсақал дегенді ақсақау деп, тағы басқа), көпшілікті төмен қаратты.

Ал екінші, ақын туралы кітаптан үзінді оқу кезеңінде де бірсыпыра ала-құлалық-тар орын алды. Жоғарыдағы өскемендік сайыскер айды аспаннан шығарып, тағы да жазып әкелген мәтінін қағаздан судыратып шықса, жармалық И.Жиленко да оның кебін киді, ал семейлік Н.Ивониннің аузынан шыққан сөздің көбі түсініксіздеу болып, санаға ұялай қоймаған. Бұл кезеңде үржарлық Д.Шмыгалев пен бесқарағайлық А.Козлова алдарына жан салмай, қазақтың әр сөзін өзіндік әуезімен, әдемі жеткізетін қасиеттерімен дараланды.

Көркемсөз байқауының ең тамаша тұсы үшінші кезең болғанын айтқымыз келеді. Онда алдыңғы екі кезеңдегідей емес, Абай әнін шырқататындар баршылық болды.

Алдыңғы кезең демекші, осы жерде бірқатар аудандар өздерінің үміті етіп жіберген жастарын облыстық байқауға жақсылап дайындамағанын айтпауға болмайды.

Абай оқуларыАбай оқулары

Сонымен, сайыстың нәтижесі бойынша Бесқарағай ауданынан қатысқан Александра Козлова бас жүлдені қанжығасына байласа, I-ІІІ орындарды семейлік Николай Ивонин, Күршім ауданының өкілі Станислав Никифоров және үржарлық Дмитрий Шмыгалев иеленді. Ал арнайы тағайындалған «Әнді сүйсең, менше сүй...» және «Өлең сөздің патшасы...» аталымдары өскемендік А.Шагидевич пен бородулихалық С.Шумановаға бұйырды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға басқарма атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Ал бас жүлде иегері Александра Козлова енді республикалық байқауда бағын сынайтын болады.

Ғафура Сәрсенбайқызы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: абай

Пікірлер:

маша апай | 22 маусым 2014 08:50
Бұл өте жақсы, қазақша білмейтін сорақыға сабақ.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар