Ресей жазушылармен онлайн арқылы тілдесті

(Дауыстар: 1)
Ресей жазушылармен онлайн арқылы тілдесті

Өскемен жастары А.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың орыс тілі орталығында ресейлік жазушылармен және баспагерлермен онлайн арқылы тілдесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жуықта Санкт-Петербургте «Кітап салоны-2014» атты ІХ халықаралық көрме-жәрмеңкесі өткен болатын. Дәл осы дәстүрлі көрмемен бір мезгілде «Петербург - открытая книга» атты интерактивті кітап фестивалі де ұйымдастырылғанды. Алдымен айтар нәрсе, жыл сайын өтіп келе жатқан бұл фестиваль ересектермен бірге балалардың да қызығушылығын тудыруда. Онда балалар үшін арнайы «Наш книжный сад» алаңы қарастырылған. Дәл осы алаңда әртүрлі жастағы балаларға, ата-аналар мен мамандарға арналған ісшаралар: жазушылармен, баспагерлермен, суретшілермен кездесулер, кітаптардың тұсаукесерлері, көрмелер, семинарлар мен телекөпірлер өтеді.

Сондай телекөпірлер жақында облыстық кітапхананың орыс тілі орталығында да өтті. Кездесуге Өскемендегі №4 және 35 орта мектептерінің оқушылары шақырылды. Олар Ертіс пен Үлбінің қиылысындағы өз қалаларының тарихы жайында жан-жақты әңгімелеп, туған өлкелері туралы тілдесуші жақтың пікірлерін тыңдады.

Бұл онлайн кездесу - үлкен жобаның бастамасы. Оны алдағы уақытта Пушкин кітапханасы мен Ленинград облыстық балалар кітапханасы бірлесіп жүзеге асыратын болады. Аталған жоба аясында ағымдағы жылдың күзінде петерборлық кітапхананың қызметкері - Людмила Степанованың жетекшілігімен балалар жазушылары жаңа, балаларға арналған әдебиеттер көрмесімен Өскеменге қонаққа келеді.

Ең тәлімдісі, аталған көрмемен барша шығысқазақстандықтар таныса алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: кітапхана

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар