Ғылыми жобалармен айналысып жүр

(Дауыстар: 1)
Ғылыми жобалармен айналысып жүр

Жуырда Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебіндегі дарынды жастармен және оларды ғылымға баулыған мұғалімдермен кездесудің сәті түсті. Онда мектептегі әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған екен.

- Оқушыларымның барлығы еңбекқор, білім, ғылымды игеруге ұмтылып, шыңдалуда. Мәселен, Берік Қалиуллаев - 2011 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өткен ғылыми жоба байқауында I орын иеленсе, өткен жылдың қыркүйегінде Иранның Зенджан қаласында өткен білім сайысынан арнайы жүлдемен оралды, - дейді мектептің білікті ұстаздарының бірі Роза Қабылғапарқызы. - Мұндай білімпаз оқушылардың қатарына Аян Қайсабековті, Салтанат Уахитованы, Г.Кеңесбеков пен Димаш Тоқтаровты, Дана Әубәкірованы және басқа да көптеген балаларды қосуға болады.

Біле-білгенге еліміздің ертеңі - білімді ұрпақ. Осындай ғылыми жобалармен айналысып жүрген жастардың өз мақсаттары мен ізденістері мол екен.

- Мен осы мектептің 9 сыныбында оқимын. Менің ғылыми жобам «Нан өнімдерінің биохимиялық және қуаттылық сапа көрсеткіштерін анықтаудағы сараптамалық-тәжірибелік жүйелердің жоспары» деп аталады. Нан сапасын арттыру үшін біз наноқоспаларды қолдандық. Бұл оның жоғалтқан сапасын толтыруға мүмкіндік береді. Алынған нан сапасын анықтау делфий-бағдарламада жазылған. Бұл бағдарламаны жазу үшін нақты емес логикалық теория немесе құрылғы қолданылды. Зерттеу барысында «Ақсай нан» зауыты мен «Башкирцова» ЖШС-ның нан лабораториясы және біздің мектеп арасында үшжақты келісімшарт жасалды. Ал менің осы жобам республикалық байқауда алтын медальмен атап өтілді, - дейді дарынды оқушы Нұржан Әбдікәрімов.

Даяна Социалова да осы мектептің 9 сыныбында оқиды. Ол ғылыми жобамен өткен жылдан бастап айналысып келеді екен. Айналысқанына көп өтпей-ақ ол республикалық ғылыми жобалар байқауынан алтын медальмен оралыпты. Ол «Әлі де талай жетістіктерге қол жеткізетініме сенімдімін» - дейді жігерлене.

Біз оқушылардың небір жұмыстарымен және табыстарымен таныса келе Роза Қабылғапарқызына «дарынды оқушыларыңыз осындай жобаларды өздері ойлап шығара ма, әлде сіздің берген бағытыңыз бойынша жұмыс істей ме?» - деп сұрағанбыз.

- Негізінен оқушыларым өздерінің идеяларын маған айтып, «былай жасасам қалай болады?» деп ақыл сұрап, одан кейін ғана зерттеу жұмысын қолға алады. Мысалға, Димаш Тоқтаров дәрілік өсімдіктерден сабын жасаса, Дана Әубәкірова дәрілер жасады.

Дарынды әр оқушысының жеңісті сәттерін тәптіштей әңгімелеген Роза Қабылғапарқызы «ЭКСПО-2017» көрмесіне өз тараптарынан ұсынылатын дүниелер туралы да сөз саптады.

- Бұл көрмеге біз де жобаларымызды ұсынамыз. Оған дейінгі екі-үш жыл ішінде оқушыларымды әлі де шыңдап, жасаған жобаларын саралап, мықты деген ғылыми жұ-мыстарын көрмеге ұсынамыз деген ойдамын. Мен олардың бір белесті табыстарға жететініне сенемін және олармен мақтанамын, - деді ұстаз.

Қазір ол шәкірті Данияр Бексұлтановты биылғы тамызда АҚШ-та өтетін халықаралық ғылыми жоба қорғау байқауына дайындауда екен.

Зарина Тоқтарова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар