Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы көркем фильм түсірілмек

(Дауыстар: 1)
Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы көркем фильм түсірілмек

Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы көркем фильм түсірілмек. Бұл туралы Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- «Біржан сал» фильмін жарыққа шығару арқылы режиссер ретінде танылған белгілі актер Досқан Жолжақсынов басқаратын түсіру тобы 1-шілдеден бастап жұмысқа кіріспек. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, фильмде декорациялық рөл атқаратын киіз үйлер тігілуде. Біздің қала түсіру алаңына 20 киіз үй апарады, ал жалпы сол жерге тігілетін киіз үйлердің саны-150. Фильмге өзіміздің әртістер түседі, әншілер де шақырылуы мүмкін. Кинотуындыны 1-қыркүйекке дейін бітіру көзделген, - дейді Б.Көпбаев.

Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы атақты бидің отбасында дүниеге келген. Ол - өзінің ақылпарасатымен, көрегендігімен ерекшеленген тұлға. Фильм авторларының айтуынша, Құнанбайдың нақты қандай болғанын дөп басып айту қиын. Бүгінде бір топ ғалымдар мен зерттеушілер Құнанбайды зерттеп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: абай

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар