Таушымылдықты отап жүргендер қолға түсті

(Дауыстар: 1)
Таушымылдықты отап жүргендер қолға түсті

ШҚО Күршім ауданы, Төсқайың ауылының маңынан таушымылдық гүлін қазып жүрген жеті адам қолға түсті. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы Марқакөл орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейд барысында заңды белден басушылар қолға түскен. Жеті жігіт Төсқайың ауылының маңындағы Елеменсай учаскесінде Қызыл кітапқа кірген 337 түп таушымылдық гүлін қазып, тамырындағы 370 дана құртын жинап үлгерген. Сөйтіп, олар мемлекетке 312 062 теңге шығын келтірді.

Сондай-ақ, Төсқайың ауылының аумағындағы «Сад» учаскесінде де таушымылдық гүлін отап жүргендер қолға түсті. Олар 103 түп гүл қазғаны анықталып, 14 құрт және қазу құралдары тәркіленді. Бұлар мемлекетке 95 378 теңге шығын әкелген. Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Күдіктілер Қылмыстық кодекс бойынша 3 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Оның үстіне мүліктері тәркіленеді.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар