Жаңбыр суын жинау технологиясын ойлап тауыпты

(Дауыстар: 1)
Жаңбыр суын жинау технологиясын ойлап тауыпты

Семей қаласында екінші мәрте оқушылардың республикалық ғылыми фестивалі өтті. Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған шараға әр облыстан 300-ден аса мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жас зерттеушілер ұсынған 260 ғылыми жұмыс ішінде жасыл экономика мен әлеуметтік сала үшін маңызды жобалар да бар. Ғылыми фестивальда әсіресе, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұсынған жобалар ерекше әсер қалдырды. Мәселен, Ғазиза Елтай, Әйгерім Назарбай сынды оқушылар жаңбыр суын жинау технологиясын ойлап тауып, оны шаруашылыққа пайдалану жолдарын ұсыныпты. Өнертапқыш қыздар су сіңіргіш асфальт арқылы су жинау жүйесінің ел экономикасына тигізер үлесі зор болатынын айтады. Олардың сөзіне сенсек, су сіңіргіш асфальт фильтр тәрізді жұмыс атқарып, суды өзіне сіңіреді де, одан соң су бес қабаттан тұратын асфальт астындағы құбыр арқылы арнайы контейнерлерге жиналады екен.

- Асфальтты бүкіл жол бойына төсей алмаймыз, өйткені, ауыр жүк көліктері оны істен шығарып тастауы мүмкін. Сондықтан, біз мұны жолдың екі жиегіне 20 сантиметр ғана етіп, орнатуды ұсынамыз. Шалшық судан келетін зардаптардың кесірінен ғана мемлекетіміз 28 млрд. теңге қаржы шығындайды екен. Бұл - біздің ел экономикасына қосар үлесіміз, - дейді оқушылар.

Ғылыми фестивальға қатысушы жас ғалымдардың таңдаған тақырыптары әр алуан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология ғылымы бойынша PhD докторы Жанна Сабырбек оқушылар ұсынған жобалардың болашағы зор екендігін атап өтті. Оның айтуынша, мұғалімдер мен оқушылардың теориялық және тәжірибелік дайындықтары жақсы.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар