ҰБТ қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы сегізінші орыннан көрінді

(Дауыстар: 1)
ҰБТ қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы сегізінші орыннан көрінді

Биыл білім беру саласына жұмсалатын шығындар өткен жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға өсіп, 77,2 млрд. теңгені кұрап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жалпы, ағымдағы жылы 58 білім беру нысаны, сонымен қатар, 40 мектеп (оның 30-ы апатты жағдайдағы мектептің орнына, 10-ы орын жетіспеушілік бойынша), 1350 орынға арналған сегіз балабақша, 10 нысан, жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынатын жапсаржайлардың құрылысы және ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталықта журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев алдымен осындай деректерді келтіріп өтті.

- Қазір жалпы орта білім беру жүйесіндегі 687 мектепте 167746 бала білім алуда. Биылғы, 2013-2014 оқу жылында 359 мектеп (52,3 пайыз) жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталды. Бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті деген сөз. Ал оларда білім беретін мұғалімдерге келетін болсақ, бүгінде олардың саны 20693 болып отыр. Олардың 87,5 пайызы жоғары санаттылар, - деді облыстың бас мұғалімі. - Биылғы оқу жылын 8200-ден астам оқушы үздік немесе екпінді болып аяқтады. Ал 34 мыңға тарта оқушы түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, байқаулар мен жарыстарға қатысқанын айтқым келеді.

А.Нұрғазиевтің келтірген деректерінен тағы бір ұққанымыз, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге 6 мың 734 түлек қатысқан екен. Сөйтіп, ҰБТ-ға қатысушылар көрсеткіші бойынша біздің облысымыз республикада 8-ші орыннан көрінген көрінеді. Ал тестілеудің орташа балы 78,04 болған. Бұл өткен жылдағыдан 5,64-ке артық. Тағы бір баса айтар нәрсе, алдын ала есептеу бойынша облысымыз былтырғы білім көшінің соңына таман қалып қойған 13-ші орыннан 8-ші орынға көтеріліпті. Десе де, биыл «Алтын белгіге» үміткер 383 түлектің небәрі 146-сы ғана межелеген биігінен көріне алған. Солай бола тұра, екі түлек 124 балл жинауға қол жеткізді. Олар - Өскемендегі №16 орта мектептің түлегі Сая Сержанқызы мен Семей қаласындағы ұлдар лицей-интернатының түлегі Серік Әділханов.

Балаларды қосымша біліммен қамтуда біздің облыс Қазақстан бойынша екінші, мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша 3, ал түлектердің жоғары оқу орындарына грантпен түсуі бойынша 5 орында екен.

Шығыс Қазақстан олысының кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне 89 колледж кіреді. Олардың 39-ы - мемлекеттік емес оқу орындары. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы түлектердің 56 пайызы жұмысқа орналасқан екен. Қазір техникалық және кәсіптік білім беру жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде ағымдағы жылы қабылдау жүргізілетін жаңа балық шаруашылығы және зоотехния (марал шаруашылығы) мамандықтарына лицензиялар алынды.

А.Нұрғазиев биылғы жаз мезгілінде 1 сыныптан 10 сыныпқа дейінгі 152609 баланың 118425-і демалыспен және сауықтыру шараларымен қамтылатынын да айтып өтті. Аталған мезгілде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында жаңа «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экологиялық орталығы» атты жұмыс түрі енгізіліпті. Ол жобамен 18 мың бала қамтылмақ екен.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Білім | Кілт сөдер: ұбт

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар