«Алтын құлын» халықаралық жас жыршылар байқауының жеңімпазы атанды

(Дауыстар: 1)
«Алтын құлын» халықаралық жас жыршылар байқауының жеңімпазы атанды

Астана қаласында «Алтын құлын» халықаралық жас жыршылар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл сынға қатысу үшін әуелі еліміздің барлық өңірлерінен және Астана мен Алматы қалаларынан жүзге жуық үміткер жыр бәйгесінде өзара бақ сынасқан болатын. Аталмыш байқауда «Алпамыс батыр» мен «Қыз Жібек» жыры бойынша тапсырма алған қатысушылар жырды толығымен жаттап қана қоймай, өзге дастандарды білуімен де бағаланды. Бұл тұрғыда олардың туындыны нақышына келтіре орындаушылық өнерлері де ескерілді. Сондай-ақ, жас жеткіншектер қазақы салт-дәстүрлерден жетік хабардар болуы мен ұлттық аспаптарда ойнай білу өнері жағынан да сынға түскен болатын.

Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты сіңіру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды бәйгеге 7-11 жас аралығында өскемендік жыршы Батыр Әкелеев, 12-15 жас аралығында семейлік қиссашы Абылайхан Низан қатысты.

Өз қатарларынан оза шапқан кіл жүйріктердің арасында бақ сынаған өскемендік өрен, тоғыз жасар Батыр Әкелеев «Алпамыс батыр» дастанын еш мүдіріссіз, нақышына келтіре орындап, байқаудың «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша тігілген бәйге мен лауреат атағын қанжығасына байласа, семейлік өнерпаз Абылайхан Низан осы байқаудың «Үздік батыр бейнесі» номинациясын жеңіп алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар