«KEGOC» компаниясы ірі жобаның құрылысын бастады

(Дауыстар: 1)
«KEGOC» компаниясы ірі жобаның құрылысын бастады

Қазақстанда электр желілерін басқару жөніндегі ең ірі компания «KEGOC» АҚ болып табылады. Компания бүгінде республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға орай ел көлемінде ұйымдастырылған телекөпір барысында «Астана - Семей» онлайн жүйесі арқылы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2013 жылғы қаңтарда өткен кеңес барысында берілген тапсырмасына орай ірі ауқымды жоба - «500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитті электр желісінің құрылысын» бастауға дайын екендіктерін айтты. Осынау ұзындығы 1500 шақырымға созылатын электр желілері мен 500 кВ-тық үш жаңа станция, атап айтқанда Семей, Ақтоғай, Талдықорған қосалқы станцияларын іске қосу ел игілігі үшін жасалған ауқымды шаралардың бірі деп атап өтті «KEGOC» басшысы Бақытжан Қажиев.

- Бұл жоба Қазақстан үшін аса маңызды, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. - Сіздерді жаңа жобаның қолға алынуымен құттықтаймын. Енді Солтүстік Қазақстаннан Талды-қорғанға дейін Алматы облысы қуаты күшті электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етілетін болды. Жобаны бастауға рұқсат етемін.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев онлайн режимінде құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берген сәтте еліміздің әр түкпірінен жиналған «KEGOC» компаниясының жұмысшылары ерекше ықыласпен қол соғып, қолдау білдірді.

Бұл құрылыс пайдалануға берілгеннен кейін Солтүстік-Шығыс және Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы электр жеткізу қабілеті күшейеді. Қазақстанның солтүстіктегі энергия көздерінен оңтүстіктегі тұтынушыларға қосымша энергия жеткізіледі. Әрі осы арқылы Шығыс Қазақстан облысындағы энергия тапшылығын Ресей желісі арқылы жеткізілетін электр энергиясынсыз-ақ жабуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, Қазақстанның ірі қалаларындағы электр энергиясымен жүретін жолаушылар тасымалдайтын көліктер, троллейбустар қуаты күшті электр энергиясына ие болады.

Бұл жоба Ақтоғай - Алматы, Ақтоғай - Достық, Ақтоғай - Мойынты бағыттары бойынша теміржол торабын дамытуға, тау-кен өндірісіндегі, мәселен, Ақтоғай, Ақбастау, Құсмұрын кен байыту комбинаттары сияқты энергия қажет ететін нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз етпек. Әрі шекаралық аймақтар ынтымақтастығын дамыта отырып, Жоңғар қақпасы арқылы енетін жел қуатының балама көзін көлемді түрде игеруге мүмкіндік береді.

Жоба екі кезеңде іске асырылады. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ. Әлеуметтік жағынан маңызы зор жобаның құны шамамен 120 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс барысында 1,8 мың жаңа жұмыс орны ашылса, құрылыс аяқталып, нысан пайдаланылуға берілгеннен кейін тұрақты түрде 97 адам жұмысқа тұратын болады.

Раушан Нұғманбекова
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар