Өскемен қаласындағы «Металлургтер» саябағы жаңарады

(Дауыстар: 1)
Өскемен қаласындағы «Металлургтер» саябағы жаңарады

Өскемен қаласындағы халық көп келетін орындардың бірі - «Металлургтер» саябағы облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қарамағына өтті. Жаңа қожайын бұл саябаққа үлкен өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Саябақ әкімшісі Аяулым Қалиеваның айтуынша, аумағы ат шаптырым жерді алып жатқан нысанды жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет. Жақында жоғары оқу орындарының студенттері келіп, саябақта сенбілік өткізген екен. Алдағы уақытта бұл жерге бұрын болмаған, бір-біріне ұқсамайтын жаңа аттракциондар орнатылмақшы.

- Болашақта біз Жастар, Этноауыл сияқты саябақтардың деңгейіне жетуді көздейміз. Біз өткен жылға қарағанда жалдау ақысын барынша төмендетіп, кәсіпкерлерге тиімді жағдай жасап отырмыз. Бұрнағы келісімшарттар бұзылған жоқ. Осы қызметке келгеніме екі-ақ ай болды. Саябақтың атауына байланысты басшылық, әкімшілік өз ойын білдірген болатын, еліміздің патриоты ретінде атауын «Қазақстан» деп өзгерту жоспарымызда, - дейді Аяулым Ермекқызы.

Гүлнұр Мұқанова, қала тұрғыны:

- Мұнда жиі келіп тұрамыз, күнде десе де болады. Орындықтар мен демалатын сәкілер, жаңа аттракциондар көбірек орнатылса, жақсы болар еді.

Анна Чаленко, қала қонағы:

- Балалармен жиі келеміз, оларға бұл жер ерекше ұнайды. Жалпы, саябақта ағаш көп болғандықтан, шыбын-шіркейлер де аз емес.

Ирина Казанцева, зейнеткер:

- Иә, жиі келіп тұрамыз, балаларға өте ұнайды, кішкентай балаларға арналған аттракциондарды көбірек орнату керек.

Сымбат Базарбекқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар