Экологиялық-туристік слет Берел қорғанында өтті

(Дауыстар: 1)
Экологиялық-туристік слет Берел қорғанында өтті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы дәстүрлі «Жасыл алаң-2014» облыстық экологиялық-туристік слет өткізді. Слеттің өтуіне Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қаржылай және техникалық қолдау көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Слетке барлығы сегіз команда қатысты. Оның негізгі мақсаты мен міндеті – ерекше қорғалатын табиғи аумақта орманды сақтау проблемаларын шешуге жасөспірімдерді де мейлінше тарту. Сонымен қатар, таза ауада, табиғат аясында әр жақтан келген балалардың бір-бірімен танысып, достасуына үлкен мән берілді.

Мәдени және спорттық сайыстардан тұрған екі бөлімде оқушылар бар өнерлерін көрсетуге тырысып бақты. Мәдени бөлімде қатысушылар өздерінің командаларын таныстырып, ән салу мен би билеуден, сұрақтарға жауап беруден сайысты. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы Печи орта мектебінен келген «Жерұйық» командасына бірінші орынды берді. «Жас турист» бекетінің атынан шыққан «Қайнар» командасы мен Аршаты орта мектебінің «Тамшы» командасы екінші және үшінші орынды бөлісті.

Спорттық сайыста оқушыларды тосын сый күтіп тұрды. Арнайы шақырылған «Ирбис» альпинистер және құзға шығушы жастар спорттық клубының қызметкерлері кедергілерден өту жолдарын жасап, одан өтуден шеберлік класын көрсетті. Барлық күш-жігерлерін салған балалар бұл бөлімнен де сүрінбей өтті. Бұл жерде Коробиха орта мектебінің «Родничогы» суырылып алға шықса, «Жерұйық» екінші, Зырян қаласынан келген «Дружба» үшінші орын алды. Мәдени және спорттық бөлімдердің жалпы қорытындысы бойынша «Жерұйық» алғашқы орынға табан тіреді.

Жүлделі орын алған командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Команда жетекшілері мен белсенді қатысушыларға, белсенді жанкүйерлерге де алғыс хаттар берілді.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар