Әйгілі сиқыршы Гарри Гудинидің өнерін өскемендік қайталады

(Дауыстар: 1)
Әйгілі сиқыршы Гарри Гудинидің өнерін өскемендік қайталады

Өскемендік жас иллюзианист Антон Росс жиырма метр биіктікте американдық белгілі сиқыршы Гарри Гудинидің трюгін қайталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл күні қалалықтар тас төбеде шақырайып тұрған күннің ыстығына қарамастан, тәуекелге бел буған Антонның өнерін тамашалауға жиналды. Он тоғыз жасар иллюзианистің бұл жолғы міндеті 20 метр биіктікте қолын айқастыра кигізген жейде мен сыртынан маталған темір шынжырдан босап шығу еді. Антон Росстың достарының қолдауымен өткен үш-төрт минуттық көрініске медицина қызметкерлерімен қатар төтенше жағдай қызметкерлері де келді. Олар, тіпті, Антоннан «не болса да, ешкім кінәлі емес» деген мәтінде қолхат та жазғызып алды. Трюк басталмас бұрын дәрігерлер оның қан қысымын өлшеп, тексеруден өткізді.

- Мені аяғымнан іліп бес қабатты үйдің биіктігіндей биіктікке көтереді. Үстіме кигізетін арнайы көйлекпен қолымды айқастырып орайды. Үш-төрт минуттың ішінде босап шықпасам, мына ыстықта басыма қан құйылып кетуі де мүмкін, - дейді қобалжулы күйде тұрған Антон Росс.

Қобалжитын жөні де бар. Өйткені, ол осыған дейін өзін үш метр биіктікте сынап көргені болмаса, бұл трюкті мұндай биіктікте, көпшіліктің көзінше бірінші рет жасағалы тұр. Көрермендер сенімді болуы үшін ұйымдастырушылар Антонға кигізетін көйлек пен шынжырды көпшілікке тексертіп те алды. Шынайылыққа көздері жеткен көрермендер ду қол соғып, Антон Россты қарсы алды. Алаңға арнайы алдырған құрылыс краны шынжырмен маталған Антонды аяғынан тік көтеріп алды. Оралған темір шынжырдан тез арада босап шыққан оның жейдені шешуге бір минуттай уақыты кетті. Жерде тұрған көрерменге оп-оңай болып көрінгенімен, мұндайда нағыз ептілік, күш-қайрат керек екені сөзсіз. Тәуекелді қажет еткен трюктен кейін жиналған жұрт қол соғып, қошемет көрсетіп жатты.

Антонның айтуынша, мұндай өнер оның арғы атасынан дарыпты. Атасы қолын кері қайырып, қайта қалпына келтіретіндей қасиетке ие болыпты. Ал Антон Росс бұл трюкке бес жыл дайындалыпты. Әзірлікке Тахир Сүлейменов есімді досы көмектескен. Иллюзия өнерінің шыңына шықсам деген Антонның алға қойған жоспарлары көп. Әлі талай рет өнерімен көрерменді таңғалдырмақ.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар