Балалардың «Балдәуреннен» қайтқылары жоқ

(Дауыстар: 1)
Балалардың «Балдәуреннен» қайтқылары жоқ


Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте «Балдәурен» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылған.

Жаз мезгілінде балалар демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатын ұстанған жазғы демалу-сауықтыру лагері – «Балдәуреннің» атқарар міндеті зор. Төрт ауысымға жоспарланған лагерь негізінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларын қамтып отыр.

Жылдағыдай халықаралық балаларды қорғау күні ашылған лагерьдің тірлігі қауырт күндерге толы. Мұнда әр бала спорттық шаралардан тыс қалмай, өлкенің табиғатымен танысады және бір мезгіл еңбекпен айналысып, интеллектуалдық даму сабақтары мен көптеген көңіл көтеретін шараларға қатысады. Олар әсіресе, «Денсаулық – зор байлық», «Музыкалық қобдиша», «Мен – болашақ дизайнермін», КТК (КВН), «Ойлан, тап!», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Ертегілер еліне саяхат» ойындарында, «Кітап – менің досым», «Көрікті менің Астанам!» атты танымдық сағаттарда, «Біздің ауылдың табиғаты» атты саяхаттық және түрлі спорттық шараларда өз қабілеттерін ерекше танытуда. Олар саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерімен де таныс-ты. «Бұл біздің жадымызда сақталып қалады, болашақта керек болады» – дейді балалар.

«Танысу», «Міне, мен қандаймын!», «Коммуникативтік қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренинг», «Дос іздеу», «Менің көңіл күйім» сияқты психологиялық тренингтерге қатысу да демалушы балалар үшін қызықты болды.

– Біздің мектебіміздің жазғы лагері өзге де тектес лагерьлермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Мысалы, бастауыш мектеп жанын-дағы «Солнышко» лагерінің балаларымен «Эстафеталық жарыстар» және басқа да іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, мұражайға, спорт ке-шеніне, ауылдық кітапхана мен басқа да жерлерге саяхат жасадық, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жазғы демалу-сауықтыру лагерінің басшысы А.Тәнікенова.
Оның сөзіне сенсек, балалар демалысының көңілді өтуіне Ә.Қожахметова, тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, С.Ішкібаева, С.Аязбаева, К.Қабланова, Ф.Темір-ғалиева сынды әдіскерлер, А.Әкенев, Т.Анатпаев сынды дене тәрбиесі пәні-нің мұғалімдері шығармашылықпен және асқан жауапкершілікпен қа-райтын көрінеді.
Бір қызығы, мұндағы балалардың алдыңғы маусымда демалғандары келесі маусымға да сұранады екен. Осыдан-ақ, аталған лагерьдің әр күні ұмытылмас қызықтарға толы екендігін түйсінуге болатындай.

Клара Нұрпейісова

Көкпекті ауданы.
Айдар: Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар