Ана өлімі азайып, бала туу көрсеткіші жоғарылап келеді

(Дауыстар: 1)
Ана өлімі азайып, бала туу көрсеткіші жоғарылап келеді


Бесқарағай ауданында дәрігерлердің жетіспеушілігінен жап-жаңа емдеу мекемесі халыққа толыққанды қызмет көрсете алмай келген еді.

Ауылға жас мамандардың шақырылуы бұл олқылықтың орнын толтырып, жұмысты жандандыра түсті. Мысалы, былтыр аудан бойынша тоғыз маман қызметке қабылданса, ағымдағы жылы Семей мемлекеттік медицина университетінің төрт түлек-маманымен келісімшартқа қол қойылған. Жаңа орында жұмысқа орналасқан жас мамандар аудандық әкімдіктің қолдауымен көтермеақымен және баспанамен қамтамасыз етілуде.

Орталық аурухананың бас дәрігері Баубек Әбілқасымовтың айтуынша, қазір басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл халқы қалаға сабылмай, қажет медициналық көмекті жергілікті жерден алуға қол жеткізген екен. Жалпы, қазір аудандық ауруханада 36 дәрігер бар. Олардың сегізі – тәжірибелі мамандар. Ал 120-дан астам орта буын медициналық қызметкерлердің дені өз жұмыстарын сауатты да тиянақты атқаруда. Денсаулық күзетіндегілер жыл са-йын арнайы курстардан өту, түрлі тақырыптарды қозғайтын семинарлар мен конференцияларға қатысу арқылы өздерінің білімдерін арттырып отырады.

Білікті де білімді кадрлармен қамтылған ауруханада ана мен бала денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Соның бір дәлелі – соңғы төрт жылда бірде-бір ана өлімі тіркелген емес. Ал өткен жылы туу көрсеткіші жағынан аудан облыс бойынша екін-ші орынды иеленді. Сонымен қатар бұл өңірде әлеуметтік маңызы бар аурушаңдықтарды анықтау және олардың алдын алу шаралары жүйелі жүргізіліп келеді.

Биыл аталған аурухананы қаржы-ландыру мәселесі толығымен ше-шілген. Көп жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген орталық емхана ғимаратын жөндеуге ғана 66,5 млн. теңге бөлінген көрінеді. Ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен ФАП-тар жыл сайын ағымдағы жөндеуден өтіп келеді. Жақын арада оларға бірнеше санитарлық автокөлік бөлінбекші екен.

Бас дәрігердің берген мәлімет-теріне сүйенсек, 2013 жылдың сәй-кес уақытымен салыстырғанда биыл халықтың табиғи өсімі әжептәуір өскен. Мәселен, 2013 жылы 10 мың тұрғынның дәрігерлермен қамтылуы 14,9 болса, үстіміздегі жылдың І тоқсанында 17,5-ке жеткен. Ал онкологиялық және қан тамырлары дерттерінен көз жұмғандар саны біршама төмендеген көрінеді. Ал биылғы жылдың I тоқсанында туберкулез аурушаңдығынан өлім-жі-тімге ұшырағандар мүлде тіркелмеген.

Өңірімізде іссапарда болған кезде Бесқарағай аудандық ауруханасының жұмысымен танысқан Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ұжымның қызметіне оң бағасын берген болатын. Өңір халқына қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан аурухана алдағы уақытта да шаруаларын ширата түспек.

Бейсенғазы Ұлықбек

Бесқарағай ауданы.

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар