Көп ұзамай таза ауызсу Шарға да жетеді

(Дауыстар: 1)
Көп ұзамай таза ауызсу Шарға да жетеді


Жарма ауданындағы 54 елді мекеннің он бірі орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіліп отыр. Сөйтіп, ауданда халықты ауызсумен қамту көрсеткіші 72,3 пайызға жеткен.

Сонымен қатар Шар қаласының маңындағы Ақбұзау деген жерден тұщы судың мол қоры анықталыпты. Бұл келешекте Алтын төбе, Бірлік сияқты ауылдар мен Шар қаласын таза сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарына үй-жайларын қаладағы пәтерлер сияқты қолайландырып алуға мүмкіндік мол. Көптеген жармалықтар үйлеріне су ысытатын «Аристон» құралын қойып, жуынатын және душ бөлмелерін салып, кір жуатын машиналар да орналастырып жатқан көрінеді.

Ауданда таза ауызсуына қол жеткізудің алғашқы кезеңі 2002 жы-лы басталған. 2002-2003 жылдарға арналған ауызсу бағдарламасы бойынша Үшбиік, Жаңғызтөбе, Алтын төбе, Қаражал ауылдарының су құбырларын қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліпті. Құрылысы басталып, тоқтап қалған нысан жоқ. Бәрі пайдалануға беріліп, аудандық коммуналдық меншікке қабылданған. Су құбырларының қалыпты жұмыс істеуін «Жарма су» мемлекеттік мекемесі мен Шар өңірін «Горводхоз» мекемесі бақылайды. Екінші кезең, 2011-2020 жылдарға бағытталған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Шалабай тірек елді мекенінде өткен жылдың сәуір-қараша айлары аралығында су құбырларын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталған көрінеді. Бұл жобаға 270 млн. теңге жұмсалған екен. Ал Бірлік ауылына су құбырларын жаңадан тарту жоспарланған болатын. Соған орай 2013 жылдың май айында басталған Бірлік жобасы биыл қыркүйекте жүзеге асуы тиіс.

– Жұмыстың 60 пайызы дайын. Жобаның құны 455 млн. теңгеге шығып кетті, өйткені, ол жердің суы өте тұзды. Біз өтінішімізді 14 түрлі тексеруден өткіздік, Астанаға дейін барып, соңында дәлелдеп шықтық. Ондағылар жұмсалатын қаражат қомақты болғандықтан, екі жылға бөліп берді. Яғни, бұл – өтпелі жоба. Ауа райы қолайлы болса, ол шаруа белгіленген уақытында бітеді деп отырмыз, – деп түсіндірді Жарма аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар Мекішев.

Сала басшысының сөзіне қарағанда, аудандағы Жаңаөзен, Суықбұлақ кенттерінде су құбырларын салуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қазір сараптамадан өтіп жатқан сияқты. Тұрғындарының саны 600-800-ден аспайтын Жарық, Қаратөбе, Аршалы ауылдарына жобалық-сметалық құжаттар аудандық бюджет есебінен дайындалмақ. Алғашқы жылдары таза ауызсу алатын колонкалар салынса, 2009 жылдан бастап таза су әр үйдің ауласына дейін жеткізіліп берілуде. Ары қарай үйлерінің ішіне ауылдықтар өз қа-ражаттарына енгізулері керек. Жалпы, олар есептегіш құралдарымен тегін қамтамасыз етілуге тиіс екен.
Аудандағы тағы бір өзекті мәселелердің бірі – кәріздік жүйені салу. Бұл жұмыстар Шар қаласы мен Шуақ кентінен басталмақ, бүгінде құжаттар сараптамаға әзірленуде. Асқар Мекішев атап өткендей, Шарда ешқашан кәріз жүйесі болмағандықтан, бұл «Ақбұлақ» бағдарламасында қарастырылған техникалық күрделі нысан болып саналады. Жобалық-сметалық құжаттамасының өзіне 100 млн. теңге қажет.

– Шар шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгендіктен, бұл мақсаттарға қаражат республи-калық бюджеттен қарастырылады. Елді мекеннің жерасты суының қо-рын анықтап алмай, жоба жасауға болмайды. Жоғарыда айтылған Ақ-бұзау су қоры Шардан 36 шақырым ғана жерде орналасқандықтан, оны жердің астымен тартуға болады. Біз өтінішімізді өткізіп қойдық, бірақ оның қорытындысы үш жылдан кейін ғана дайын болады, – дейді Асқар Мекішев.

Сонымен қатар Қалбатау ауы-лындағы Абай, Қабанбай, Достық сияқты басты үш көшелерде жауын сулары ағатын кәріз жүйелерін салу жоспарланған. Бұл жұмыстардың да құжаттары аудандық бюджет есебінен жасалып, сараптамаға өткізіліпті. Сондай-ақ, халқы аз шағын ауылдарды таза сумен қамтамасыз ету үшін он шақты елді мекенге бір скважина қазып берілуі тиіс екен.

Айна Ескенқызы

Жарма ауданы.

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар