Өскемендік балдырғандардың өз тамашасы аз емес

(Дауыстар: 1)
Өскемендік балдырғандардың өз тамашасы аз емес


Балалар жазды қалай өткізіп, қалай демалып жатыр? Періште көңіл әр баланың қуанышы немен үстемеленуде? Біз осы сауалдарға жауапты өскемендік оқушылардың тыныс-тіршілігінен іздеп көргенбіз.

Өскемендегі оқушылар шығар-машылық сарайының қызметкерлері қаланың баласын далаға шығару үшін «Эльдорадо» ойынын ойлап та-уыпты. Жасырары жоқ, жаз мезгілін-де қала баласының барлығы бірдей шаһардан тыс жерлердегі лагерьлерге бара алмайтыны анық. Осы орайда балаларды аптасына бір рет қала сыртына апарып, аунатып-қунатып қайту үшін қалалық білім бөлімі тарапынан түрлі шаралар қолға алынуда.

Сондай шараның бірі – әр аптаның жұмасы күні балаларды Самсоновка ауылының тұсындағы өзеннің маңына апарып, жоғарыда айтқан «Эльдорадо» ойынын ойнату болса керек. Бұл шара барысында балалар ойнап қана қоймай, суға шомылып, күнге қыздырынады. Сол балалардың бірі – Вика Астахова:

– Жазғы демалысым ерекше өтіп жатыр. Демалумен қатар оқушылар-дың шығармашылық сарайындағы «Стильные штучки» үйірмесіне барып жүрмін. Онда біз түрлі ойыншықтар тігеміз. Тіпті, өзіме киім де тігіп алдым, – дейді.

Оны аталған үйірменің бірнеше мүшесі де іліп ала жөнелді.

– «Эльдорадо» ойынын оқушы-лардың шығармашылық сарайының мамандары ойлап тапты, – дейді Светлана Гойман. – Бүгін мұнда бірінші рет келіп тұрмыз, енді апта сайын келетін боламыз. Жалпы, біз-бен бірге кез келген баланың келуі-
не болады. Тек автобусқа сыйса болды.

Жақында қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен қаланың шағын аудандарындағы спорт алаңдарында «Аңшылар мен үйректер» атты жарыс өтіп, оған қала бойынша бір мыңға тарта бала қатысты.

Қазір мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс сәттері жалғастырылса, қала сыртындағы лагерьлерде екінші маусымның думаны қыза түскен. Мәселен, «Көгілдір көлдер», «Изумрудный город», «Экотрио», «Тропа испытаний» сынды біркүндік жобалар балалардың нағыз мерекесіне айналуда. Ал оқушылардың шығармашылық сарайының тағы бір тың жобасы – оқу-зерттеу мақсатындағы экобиоорталығы апта сайын балаларды тылсым тарихқа толы Ақбауыр мен Горная Ульбинка ауылының маңайына апарып келе жатса, қаладағы жас техниктер стансасының мамандары жас геологтарды ІІІ республикалық слетке, сондай-ақ, жас құтқарушылар мектебі өз командасын Ресейдің Сочи қаласында өтетін ІІ халықаралық жас құтқарушылар слетіне даярлауда.

Бұлармен қатар, «Изумрудный город» жазғы жобасы аясында балалар Өскеменнің әсем тұстарын автобуспен аралай жүріп, түрлі ойындар ойнайды. Ал «Тропа испытаний» жобасы шеңберінде ковбойлардың өмірімен танысып, қазына іздеу арқылы түрлі жерлерді шарлайды.

Жазбен бірге жадырап жүрген бала атаулының тағы бір қуана араласатын шарасы – шығармашылық мектебі ұйымдастыратын мерекелер. Онда балалар бір күні би билесе, келесі күні ән салып, қолөнер туындыларын жасауды, атап айтқанда, сурет салу мен фотоға түсіруді үйренеді.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Өскемен.
Айдар: Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар