Американың пумасы Өскеменде жүр

(Дауыстар: 1)
Американың пумасы Өскеменде жүр


Өскемендегі жануарлар саябағына Американың батысын мекендейтін мысық тұқымдас тау арыстанын әкелді. Негізінен, пума деп аталады.

Этноауылдағы жануарлар саябағы қызметкерлерінің айтуынша, темір тордың төрінде жатқан жеті айлық пуманы біреулер сыйға тартыпты. Жасқа толмағанымен, дене тұрқы ірілеу. Үлкен пумалардың салмағы ішінара 70-90 келіге дейін тартады екен. Терісі қоңырқай болғанымен, арқа жағында көрінер-көрінбес қара дақтары бар. Ал кеуде жағы күреңдеу болып келеді. Бір қызығы, алдыңғы аяқтарында бес тырнақ болса, артқы аяғында төртеу екен. Бірақ бұған қарамастан, екі-екі жарым метр биіктікке секіре алады. Жортқанда сағатына 50 шақырымды бағындыруы мүмкін. Пумалар сондай-ақ, басқа мысық тұқымдастармен салыстырғанда адамға көп шабуыл жасамайды. Жемтігін көбінесе жалғыз жүріп аулайды. Жануарлар саябағына жаңадан келген пума бұл жерге әлі үйрене алмағандықтан болар, басқа аңдардай адамға көп үйір еместей көрінді. Саябақты аралап жүргендердің біразы пуманы қызықтап, маңында жүрді. Ал пума маңғаз кейіпте қозғалмастан жатып алды. Бейне бір үлкен мысық сияқты.

Серуендеушілердің кейбіреуі арыстан деп таңданып та қояды. Рас, арыстаннан бәлендей айырмашылығы жоқтай. Маңайында адамдар азая бастаған сәтте ғана орнынан тұрып керілді де көлденең жатқан ағашқа шықты. Ағаштың жапырақтарын тістеп көрді, бала мысықтай ойнады аунап.

Жануарлар саябағына сонымен қатар, Зайсан көлінен аққу да әкеліпті. Осыған дейін жалғыз жүрген аққу енді екеу болды. Тағы бір торға бірқазанның балапандарын орналастырыпты. «Балыққа тойып бермейді екен», - дейді жануарлар бағының жұмысшылары. Бақтың енді бір бұрышында құстарға арналған үлкен тор жасалып жатыр. Соған қарағанда, зообақ алдағы уақытта тағы да түрлі құстармен толығатын сияқты.

Мерей Қайнарұлы
Айдар: Өскемен

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар