Электрондық үкіметті пайдалануда Шығыс Қазақстан алдыңғы қатарда келеді

(Дауыстар: 1)
Электрондық үкіметті пайдалануда Шығыс Қазақстан алдыңғы қатарда келеді

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай және қарапайым халыққа ол қаншалықты қолжетімді? Кеше Өскемен қаласында бас қосқан сараптамалық фокус-зерттеу тобының мүшелері осы және өзге де сұрақтарға тұщымды жауап іздеуге тырысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екі күнге жалғасатын басқосуға еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау, сонымен қатар, Өңірлік даму министрліктерінің өкілдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері қатысып, өзара пікір алмасатын болады деп жоспарлануда. Қатысушылар, әсіресе, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салаларына ерекше мән бермек.

Айта кетейік, соңғы жылдары ел аумағында мемлекеттік қызмет түрлеріне жан-жақты мониторингтер кешенді
түрде жүргізіліп келеді. Бір мысал келтірер болсақ, 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың ақпаны аралығында мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасына 30-дан астам қоғамдық мониторинг жүргізілген екен.

Мұндай мониторингтерді ұйымдастырудың мақсаты жайында баяндама жасаған Байланыс және ақпарат агенттігі электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов былай дейді:

- Бүгінге дейін дәл осындай жұмысты Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізгенімізді айта кеткім келеді. Енді, міне, Шығыс Қазақстанға келіп отырмыз. Жалпы, сіздердің облыстарыңыз халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері мен сапасы жағынан өзге өңірлерден анағұрлым алда келеді. Бұған аймақ басшылығының қолдауымен электрондық үкіметтің жаппай қолданысқа енгізілуі ерекше септігін тигізуде. Мысалы, қазіргі уақытта облыс халқының компьютерлік сауаттылығы айтарлықтай жоғары деңгейде, тұрғындардың көпшілігі ғаламтормен де жұмыс істей біледі. Жалпы, біздің түпкілікті мақсатымыз да осы. Қазақстандықтардың компьютерлік сауаттылығы кем дегенде 80 пайызды, ғаламтормен, оның ішінде ұялы телефон арқылы да жұмыс істей білуі кем дегенде 75 пайызды құрауы тиіс. Осы арқылы Қазақстанды әлемдегі электронды жағынан сауатты 25 елдің қатарына енгізуді мақсат етіп отырмыз.

А.Оспанов сонымен қатар, 2015 жылы Шығыс Қазақстанда арнайы қызмет көрсететін жаңа орталық ашылатынын тілге тиек етті. Атап айтқанда, бұл орталықта, әсіресе, көлік иелеріне жан-жақты көмек көрсетіледі. Темір тұлпардың құжаттарын жөнге келтіру, жүргізуші куәлігін алу сияқты қызметтердің барлығы осы жерде көрсетіледі деп жоспарлануда.

Жиынға қатысқан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Баян Закирьянова соңғы кездері аймақтағы халыққа көрсетілетін қызмет түрлерінің саны анағұрлым артып, 125-ке дейін жеткенін ерекше назарға алды.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар