Арнайы үйретілген иттер мүгедек балаларды емдейді

(Дауыстар: 1)
Арнайы үйретілген иттер мүгедек балаларды емдейді

Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын оңалтуда канистерапияның маңыздылығы» атты республикалық семинар өтті. Семинарды өткізуге «Эквитер» консалтингтік-тренингтік компаниясы, облыстық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары, «Ақ жол» демократиялық партиясы мұрындық болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Канистерапия - латын тілінен енген сөз. Ол итпен емдеу деген мағына береді. Сал, даун, аутизм дертімен ауыратын балаларды төбеттермен емдеу тәсілі Польша, Нидерланды, Голландия сияқты елдерде баяғыдан және белсенді түрде жүргізіліп келеді.

Семинарға канистерапия волонтерлері, психологтар, кинолог-мамандар мен мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен шақырылды. Пленарлық бөлімде Москвадағы психология-педагогикалық университеттің нейро және патопсихологиялық даму кафедрасының профессоры Н.Зверева, «Эквитер» компаниясының директоры Л.Козловская, балалар оңалту орталығының психологы О.Пак, кинолог-маман А.Матвеева баяндама жасады. Семинардың екінші бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға канистерапия негізінде психокоррекциялық жұмыс ретінде шеберлік класы өткізіліп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

- Өскемендегі «Эквитер» консалтингтік-тренингтік компаниясының канистерапиямен айналысқанына екі жыл болды. Әлемдік медицинада иттің энергиясымен дертті емдеп, жадыны дамыту дәлелі баяғыдан бар. Басшымыз Л.Козловская Мәскеуден арнайы дәріс алып келді. Иттермен балаларды тегін емдейміз. Емдеу курсына келген балалардың көпшілігінің қимыл-қозғалысы бұзылған, тілінде кемістігі бар. Сабақтардың барлығы әлеуметтік педагогтардың, кинологтар мен ата-аналардың қатысумен өтеді. Ата-аналар болса, балаларының бойында әжептәуір өзгеріс байқала бастағанын айтып қуанып жүр. Мысалы, Руслан Бабинмен жұмыс істегенімізге екі жыл болды, бүгін оны мәскеулік профессор қарап шығып, оңды қорытынды берді. Семинарды өткізудегі басты мақсат - командамен жұмыс істеуді қолға алу. Мамандарды біріктірген кезде ғана нәтижелі жұмыс болады. Бұл жерде тек төбеттің энергиясы маңызды емес, дәрігер, психолог және кинолог мамандар қосыла жұмыс істегенде ғана жетістікке жетеміз, - дейді компания өкілі, психология ғылымдарының кандидаты Галина Грызунова.

- Баламыз Русланның психикалық дамуында ауытқушылықтар бар. Өзі де тұйық бала болған, канистерапиямен емделгелі бері, көңіл күйі жақсарды. Ең қуантатыны, сөйлем құрап сөйлей бастады, жануарларға деген қызығушылығы арта бастады. Итпен бірге жүгіріп, ойнап әсер алады. Жер үйде өзіміз де екі ит пен мысық ұстаймыз. Үйде жүргенде, канистерапия өткізетін Дуся мен Глашасына асығады. Ем қабылдаудың нәтижесіне өте қуаныштымыз, үзбей барып тұрамыз, - дейді баланың әкесі Вячеслав Бабин.

Ғалымдардың пайымдауынша, төбеттердің жанында балалар өздерін жайбарақат, еркін сезінеді екен. Олар иттерді тараған кезде, ұсақ моториканы дамытады, итті жаттықтырған кезде сөйлемдерді анық айтады, ал, ең бастысы, дене қозғалыста болады. Бұл баланың ұзаққа созылған торығуынан және психикалық ауытқуынан арылтады екен.

Шеберлік класына қатысқан Дуся, Глаша, Риша төбеттері - ретривер тұқымдастары.

Оларды жаттықтырып жүрген «Комильфо-Декор» иттер питомнигінің иесі, жаттықтырушы-инспектор А.Арефьева-Ладыко ит бала ауруының біраз бөлігін өз бойына қабылдайтынын айтады. Балалармен жұмыс істеген уақытта өздері емес, төбеттері қатты шаршайды екен.

Иттің қасиетін ежелден білетін елімізде ресми түрде тіркелген канистерапия таңсық көрініс емес. Дегенмен, бұл жобаның емделушілері иттердің көмегімен қатарға қосылу үшін біріккен жұмыс қажет.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: мүгедек

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар