Жаңа ғимараттар Семей қаласында бас жоспар бойынша ғана салынады

(Дауыстар: 1)
Жаңа ғимараттар Семей қаласында бас жоспар бойынша ғана салынады

Семей қаласының бас жоспары бекітіліп, алдағы уақытта шаһардың сәулеті арта түсетін болады. Бұрындары қалай болса, солай салына беретін сауда орындары, нысандар енді тек бас жоспар негізінде ғана өз тәртібімен тұрғызылады. Бас жоспарды жобалаушы «ГРАДО» ЖШС-нің директоры Әркенжан Маметов қаланың оң және сол жағалауы, орталық бөлігінің жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бас жоспарды дайындау барысында, ең алдымен, тоғыз жолдың торабында орналасқан Семейдің географиялық орналасуы, қаланың аумақтық дамуы мен қалыптасып келе жатқан инженерлік коммуникацияларға ерекше көңіл бөлінген. Қаланың түбегейлі жоспарлануы ережеге сәйкес, барлық даму деңгейін әрі халық санының өсуін, аумағының өзгеруін ескере отырып, 50 жылға дейінгі аралықты қамтыған. Соған орай 11 ықшамауданның кешенді дамуын, маңызды магистральды көшелердің кеңейтілуі, балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандардың құрылыстары да қарастырылған. Мәселен, Ертіс өзені бойындағы жасыл желекті аумақты демалыс орындары ретінде тиімді пайдалану көзделген. Осы орайда, Түйемойнақ аралына қатысты жоспар да ерекше екендігін айта кету керек. Бүгінде адам аяғы саябырсымайтын көрнекті жерлердің бірі - Түйемойнақ аралы. Күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде жаңа кейіпке енген арал семейліктердің сүйікті демалыс орнына айналған. Түйемойнақ аралындағы тарихи-мәдени кешенге қала тұрғындары мен қонақтары жаздың күні жиі келеді. «Театр киім ілгіштен басталады» демекші, кешеннің кіреберісіндегі мәрмәр қақпа оған айрықша сән-салтанат беруде. Ал тас плиталардан қашалған жол бойындағы сәкілер мен шамдар кешеннің көркемдік мәнін айшықтайды. Даңғыл жолдың тура Бейбітшілік стелласына апаратыны тегін емес. Бұл халқымыздың ниеті түзу, пейілі кең, болашаққа көзқарасы жарқын екендігін білдіреді.

- Семейдегі бірегей демалыс орны саналатын Түйемойнақ аралы бүгінде ынтымақ пен бейбітшіліктің символына айналды, - дейді қала тұрғыны Сәуле Сәкентаева.

Ал «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының мына бір естелік құлпытасы оның мазмұнын аша түскендей. Белгітас халықаралық ұйым хатшылығы өкілдерінің Семейге іссапары кезінде орнатылған болатын. Айта кету керек, «Мэрлер бейбітшілік үшін» қозғалысы 2020 жылға дейін әлемдегі ядролық қаруды жою мақсатын көздейді. Бүгінде оның құрамында бес мыңнан астам қала бар. «Бейбітшілік» белгітасынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың «Ядролық сынақтарды тоқтату» туралы тарихи Жарлығы қашалған тас кітаптың белгісі де көрген адамға ерекше әсер етеді. Биыл - «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 25 жылдығы. Олай болса, Түйемой-нақты көркейту - семейліктер үшін үлкен қуаныш.

- Түйемойнақта біз жоспар бойынша спорттық аймақ құруды ұсынып отырмыз, - дейді «ГРАДО» ЖШС-нің директоры Әркенжан Маметов.

- Судағы спорт түрлерін дамытуға, мәселен, ескекті қайықпен жүзуге арналған желі құру ойда бар. Сондай-ақ, жастардың түрлі шараларда басқосуына арналған орындарды дайындауды ұсынудамыз.

Бас жоспарға орай қала ішімен өтетін теміржол бойында санитарлық қорғау аймақтары құрылмақ. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Семей үшін бұл өте маңызды. Сонымен қатар, көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында республикалық қаражат есебінен қосымша көпірлер салынуы әбден мүмкін. Бас жоспарға сәйкес, «Восход» кентінде қуатты №3 ЖЭО құрылысы бой көтереді. ЖЭО-ның құрылысына арналған жер телімін әзірлеу ісі қолға алынған. Сонымен қоса, бұл аумақта жаңа «Жұмысшы» кенті салынады. Мұнда келешегі жарқын болады деп күтіліп отырған «Қарағайлы» ауданын дамыту ісі қолға алыныпты. Қазіргі таңда ол ауданда жаңа Назарбаев зияткерлік мектебі салынатын аумақ белгіленген. Мектеп қала балаларын ғана емес, ауыл оқушыларын да қамту үшін жанынан интернат қоса салынады деп жоспарлануда.

Ә.Маметовтің айтуынша, ықшамауданда қазақ-түрік лицейі, оңалту орталығы орналасады. Бұл нысандарды жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда құрылысы да басталмақ. Келешекте ол жерде көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынып, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы қолға алынады.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар