Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына көңіл тола ма?

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына көңіл тола ма?

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы қандай, атқарылған шаруалардан қандай нақты нәтижелер бар? Бұл туралы кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісінде жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде жан-жақты сөз етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жиынға Астанадан өңірге жұмыс бабымен келген, құрамында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Өңірлік даму, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің, Байланыс және ақпарат агенттігінің, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының өкіл-дері бар арнайы жұмыс тобы қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық департамент басшысы - тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұловтың төрағалығымен өткен жиында алдымен сәулет және білім салаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын зерттеу бойынша жұмыс тобы қызметінің қорытындылары тыңдалды. Бұл бойынша Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Қасымов және облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Л.Глазовская баяндады.

Д.Қасымов Өскемен қаласының аумағында тұрғызылып жатқан құрылыс нысандарының заңдылығын қадағалау, жер телімдерін беру, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау кезінде көрсетілетін қызметтер жөнінде баяндап, соған байланысты қолданысқа енгізілген жаңа ережелер мен заңнамаларға тоқталса, Л.Глазовская білім саласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің барысынан ақпарат берді. Оның айтуынша, бүгінде облыста көру, есту, сөйлеу қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі 11 369 бала болса, оның 3138-і - мектеп жасына дейінгілер, 8231 бала - мектеп жасында, оның 3217-сі - мүгедек балалар. Баяндамашы бүгінде олардың бәріне де жеткілікті түрде көңіл аударылып, облыс деңгейінде тәрбие мен білім беруге қатысты тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Кеңесте сонымен бірге, облыстық кедендік бақылау, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму және Өскемен қалалық жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің қорытындысы тыңдалды. Онымен департаменттің инспекция және қадағалау бөлімінің меңгерушісі Жанна Қабдолдақызы таныстырды. Оның деректеріне сүйенсек, облыстың кедендік бақылау саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде айтарлықтай кемшіліктер бар. Мәселен, тексеру барысында кедендік бекеттерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар туғызылмағаны анықталған. «Майқапшағай», «Бақты» секілді шекаралық кеден бекеттерінде интернет-байланыс болмағандықтан, өткізілетін тауарлардың берілген сертификатына сәйкестігін, қолданылу мерзімін жылдам анықтау мүмкін болмауда. «Семей» кеден бекетінде тауарларға декларация толтыратын журналдың дұрыс жүргізілмегендігі, дәл тіркеу уақыты мен тауарды қабылдаған қызметкердің қолы жоқтығы белгілі болған. Ал интернет-байланыс жөнінде Кедендік бақылау комитетіне арнайы мәлімдеме жолданған. Ол алда шешімін таппақ.

Өскемен қалалық жер қатынас-тары бөлімінде де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірқатар кемшіліктер жіберілгені анықталған. Қызмет көрсету барысында стандарттар мен регламенттер талабын сақтамау, талап етілген құжаттардың сәйкес келмеуі байқалған. Нәтижесінде бөлім басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Кәсіпкерлік басқармасында заңбұзушылықтар байқалмағанымен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға арналған» бірінші бағытында облыстың шалғай ауылдарындағы кәсіпкерлердің жобасын кепілге қояр мүліктері жарамсыз деген желеумен қаржылай қолдауға құлықсыздық танытылғаны анықталған. Кемшіліктер тексеру барысында түзетіліп, заңбұзушылыққа жол бергендер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін барынша арттыру, осы мақсатта қызметкерлермен тұрақты негізде оқыту семинарларын ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар