Жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағытына кімдер қатыса алады?

(Дауыстар: 1)
  • 24 шілде 2014, 18:08 |
  • Пікірлер: 6
Жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағытына кімдер қатыса алады?

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы жаңа «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы қабылданған соң жұртшылықтың баспаналы болу мүмкіндігі арта түсті.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бүкіл халықтың мемлекеттік тұрғын үй алу үшін жалғыз бір кезекке шоғырланбауы мақсатында қабылданды. Қазір Өскеменнің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) бөлімінде баспанаға мұқтаж түрлі санаттағы (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігі, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жалғыз баспанасы апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары) 5500 адамнан тұратын 5 түрлі кезек бар.

Бағдарлама мақсаты аталған кезекті алға қарай жылжыту: баспанаға мұқтаждардың бір бөлігі үйді «Қамту» бағыты бойынша алса, келесі бөлігі - «Қазақстандық ипотека компаниясы» бағыты бойынша, енді біреулері - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы алғысы келуі мүмкін. Міне, сол кезде іс жүзінде жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, бірақ пәтерге мұқтаж адамдар жалпы кезек бойынша өтуші еді.

Бағдарламаның басты бағыттарының бірі - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы іске асырылатын «Жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй». Аталған бағыт бо-йынша Өскеменде 315 пәтерлік 3 үй салынуда, олардың екеуін Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша 2014 жылдың соңына дейін, ал біреуін - 2015 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Пәтерлердің жайлылығы 4 класты, 1 шаршы метрінің құны - 100 000 теңге. Бұл - «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға арналған және жалға алу арқылы іске асырылатын алғашқы үйлер.

Сол себепті біз жас отбасыларға арналған бағдарламаны іске асыру тетігі туралы түсінік беру қажет деп шештік.

«Жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй» бағытына кімдер қатыса алады?

- некеде тұрған кезеңі 2 жылдан кем емес жас отбасы;
- баланы (балаларды) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір қалған ата-анасының біреуі ғана асырап отырған толық емес жас отбасы.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

- өтініш беру сәтіне дейін ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасының 29-дан аспауы;
- өтініш беру сәтіне дейін некеде тұрған кезеңінің 2 жылдан кем болмауы;
- өтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы;
- ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында баспанасының болмауы;
- соңғы 6 ай ішіндегі жиынтық таза кіріс - күнкөріске қажетті ең төменгі қаражаттың 3 еселенген мөлшерінен, ең жоғарысы 12 еседен артық болмауы.

Қатысушыларды іріктеу тәртібі:

- жас отбасыларды іріктеуді және есепке алуды тұрғылықты жері бо-йынша жергілікті атқару органы (атап айтқанда, ТКШ) жүзеге асырады;
- іріктеуден өткен қатысушылар төлем қабілетін бағалаудан өту үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жіберіледі;
- төлем қабілетін растаған қатысушыларды жергілікті атқару органдары (ТКШ) балл жүйесі бойынша бағалайды және кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үй алушылар тізіміне кіргізеді.

Аталған бағыт бойынша өтініштер қабылдауды және үміткерлерді іріктеуді, жоғарыда айтылғандай, ТКШ жүзеге асырады. Үміткерлерді іріктеу балл жүйесі бойынша жүргізіледі (ең көп балл санына қарай):

- бірінші бала үшін - 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі бала үшін - 30 балл;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сай, мүгедек немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын әрбір отбасы мүшесі үшін - 10 балл;
- мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйге алдыңғы іріктеу кезінде тізімге кіргізілмеген үміткерлерге - қосымша 5 балл;
- жасы 29-ға толмаған, ата-анасынан кәмелетке жетпей айырылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін - 10 балл.

Осылайша, жалдамалы тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен анықталады. Балл саны тең болған кезде, шешімді көпшілік дауыспен тұрғын үй комиссиясы анықтайды.

Жалдау талаптары:

Тұрғын үй құрылысы аяқталған соң ТКШ бағдарлама қатысушысымен 8 жылға дейін мерзімге жалдау шартын жасайды. Бұл уақыт ішінде бағдарлама қатысушысы пәтерде тұрып жатып, жалдау төлемінсіз, өзінің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы жинақ шотында ай сайынғы/біржолғы жарна салу жолымен тұрғын үй құнының 50 пайызын жинақтауы тиіс.

Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алудың ерекшеліктері:

- ақша жинақтау мерзімі - 8 жылға дейін;
- кепілдік жарна - жинақтау бойынша стандарттық жарнаның 6 еселенген мөлшері;
- коммуналдық қызметтерді төлеу;
- 3 ай ішінде жарналарды жинақтау бойынша төлемдер болмаған жағдайда, жалға алушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару банктің нақты тұрғаны үшін өтемақы есебінде қатысушының жинақталған қаражаттарын және стандартты кепілдік жарнасын әкімдікке аударуымен жүзеге асырылады.

Меншікке сатып алу талабы және тәртібі:

Қатысушы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» жинақ шотында тұрғын үй құнының жартысын жинаған соң (8 жыл ішінде), қалған жартысына өзі жалға тұрған баспа-наны меншікке сатып алуға банкте жылдық 4 пайызбен несие ресімдейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Болат Жанибек | 4 наурыз 2015 22:20
Жас отбасыға қатыса алам ба? Үйленгенімізге 4 жыл болады. Мен мемілекеттік қызымткермін. Астана қаласыда №40 орта мектепте мұғаліммін. тел 8-777-723-99-90,8-775-899-01-61 жауаптарыңызды күтем.
Меруерт | 10 наурыз 2016 20:51
Менің жасым 27де күеуім 28де осы бағдарламаға қатыса аламызба?қайда жолығып құжат өткізуге болады?
Меруерт | 10 наурыз 2016 20:52
Менің жасым 27де күеуім 28де осы бағдарламаға қатыса аламызба?қайда жолығып құжат өткізуге болады?Алматы қаласы 22балабақшада тəрбиешімін .тел 87783679595 жауап күтем
Меруерт Искалиева | 10 наурыз 2016 20:53
Менің жасым 27де күеуім 28де осы бағдарламаға қатыса аламызба?қайда жолығып құжат өткізуге болады?Алматы қаласы 22балабақшада тəрбиешімін .тел 87783679595 жауап күтем
Жангали Ниязбеков | 21 маусым 2016 00:52
Менiн жасым 24 те Жубаиымнын 22 де Осы багдарламага катыса аламызба бiздiн бiр Улымыз жане келiншегiм Жуктi Уйiмiз ЖОК 87789664010 Жауап кутем
Жангали Ниязбеков | 21 маусым 2016 01:00
Менiн жасым 24 те Ал Жубайымнын жасы 22де осы багдарламага катыса аламызба Бiздiн Бiр баламыз жане келiншегiм Жуктi бiздiн Уйiмз ЖОК Астана к 87789664010 ЖАУАП КУТЕМ
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар